Шымкент қаласы Терешкова атындағы №31 жалпы орта мек тебінің кітапхана меңгерушісі
Татыбаева Нағима
«Қазақтың Абайы, халықтың Абайы, әлемнің Абайы»
атты әдеби кештің сценарийі
1-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқырмандар, көпшілік қауым!
2-жүргізуші: - Армысыздыр, өнер сүйер, өлең сұйер жамағат!
1-жүргізуші: Жүрегімнің түбіне терең бойла.
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма, - деп ақынның өзі айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абайдың, бүкіл қазақтың пірі, мақтанышы – ұлы Абай.
2-жүргізуші: Абай біздің –Кеменгер
Теңгесі жоқ асқақ биік шыңымыз,
Ақ ниетті, әділетшіл шынымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!-дей келе, «Қазақтың Абайы, халықтың Абайы, әлемнің Абайы» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Кітапханашы: Қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдызы ұлы Абай туралы Елбасымыз: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», -деп баға берген.
Шараны өткізудегі негізгі мақсат: Абай-халқымыздың ұлттық мақтанышы рухани қазынасы, сөмбес жарық жұлдызы. Бүгінгіұрпақтардың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Көрініс:
1-жүргізуші: І слайд. Абайдың өмірбаяны балалық шағы (интерактиві тақтадан слайд көрсетіліп, оқушылар соған қарап ақынның туған жері, өскен ортасы, ата-тегі, әкесі Құнанбай, әжесі Зере мен анасы Ұлжан тұралы және шығармашылық жолын әңгімелейді).
Абай құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шын есімі – ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Ұлы ақынның ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжырбалақ, шұбар төс, ауқатты отбасыболған. Әкесі құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы ұлжан аңыз-әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдап, ауыл молдасынан арбаша сауат ашқан Абайдың он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Риза медресесінде оқиды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгерді.
Назым, Бота : би «Көк жөтел»
2-жүргізуші: ІІ слайд. Абай-лирик ақын.
Абай 9-10 жасынан бастап өлең шығарады. Жасынан Абайөз халқының даналығын, тазалығын, қарапайымдылығын ар-ождан биіктігін, басқада асыл қасиеттерін танып, түсіне білді. Орыс әдебиетінің дәстүріндегідей табиғатты тіршілікпен бірлестікте суреттей отырып, әлеуметтік мәселені көтерді. Абай- табиғатты шебер жырлаған, табиғатқа жан бітірген лирик ақын. Ондай өлеңдердін қатарына «Жазғытұры», «Жаз», «Қыс», «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңдерді жатады.
Осы оқушылардың орындауында:
Нүрахмет: «Қалың елім қазағым!»
Айнұр: «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»
Еркебұлан: «Күй»
Жәнерке: «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннанда»
Бота: «Қараша, желтоқсан»
Мұхаммед: «Қыс»
Жансая: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
1-жүргізуші: ІІІ слайд. Абай-білім жаршысы.
Кемеңгер ақынның жас қауымды білі-ғылым іздеуге, ерінбей оқып, ізденіп талаптануға шақырады(интерактивті тақтадан осы мезетте Абай өміріне, шығармашылығына қатысты суреттер көрсетіліп жатады (слайд-шоу)).
9-10 жасынан өлең шығарған Абай сияқты әрқайсың өлең шығаруға талаптанып көріндер. Абай «тілеуі мен өмірі» алдағы ұрпағына әкелік, аталық махаббатпен:
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз, - деп, ақыл-кеңес беріп, жаман әдет, кер тартпалық мінезден, жасқаншақтықтан сақтандырады, ғылымды меңгеру жолында күресуге шақырады. «Білімді адам – толық адам, білімсіз адам – қалық адам».
Осы оқушылардың орындауында:
Әйгерім: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
Нұрай: «Ғылым таппай мақтанба»
Жансая: өз шығармашылығы «Абайға арнау»
Еркін: «Жүрегім нені сезесің?»
2-жүргізуші: ІV слайд (баяу музыка). Абай-аудармашы.
Абай жасы қырыққа тайанғанда бірыңғай өлең жазумен, кітап оқумен айналысуға мүмкіндік тауды. Шығыс ғұламаларының шығырмаларымен қоса орыс әдебиетшілерінің туындылары да жас Абайды қатты қызықтырады. Абай орыстың ғұлама жазушылары: Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударып, тәржімалаған (осы кезде слайдтан Абай шығармаларын аударған шетел және орыс жазушыларының суреттері көрсетіледі). Абай орыс әдебиеті мен ғылымын жоғары бағалаған. Сол себепті де болар өзінің ең сүйікті, талапты оқуға өте зирек, дарынды баласы Әбдірахманды Петербордағы Михайлов атындағы артиллерия училищесне оқуға береді.
Осы оқушыларды орындауында:
Жансая: «Татьянаның Онегинге жазған хаты»
Сапарбек: «Онегинниің Татьянаға жауабы»
1-жүргізуші: V слайд. Абай-дарынды сазгер.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілді түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, -деп жырлаған ұлы ақын абай музыка саласында да мол мұра қалдырады. Абайдың саз әлеміндегі орны - Абай шығармашылығының жеке бір бөлігі. Абайдың сөз өнері мен ән өнері тақырыбындағы өлеңдерінде ерекше бір талғампаз, сарапшыл әрі биік эстетикалық өрісі бар үндестік сезіледі. Абайдың әндері мен күйлері ешқандай сазгердің туындыларына ұқсамайтын классикалық, ұлттық нақышта шығарылған құнды мұра.
Ал енді «Көзімнің қарасы» мен «Желсіз түнде жарық ай» әндерін оқушыларымыздың орындауында тыңдайық.
Гүлажар, Аида: «Көзімнің қарасы»
Асылжан: «Ескендір поэмасы»
Ақмарал: «Бұл ән-бұрынғы әннен өзгерек»
Гүлажар, Аида: «Желсіз түнде жарық ай»
Жасұлан: «Көңілді толқыны» күй
2-жүргізуші: VІ слайд. Абай-ойшыл, пәлсапашы.
«Қара сөзі» халыққа тәлім,
Қазақ елі Абаймен мәлім болған.
Кең даланың төсіне ақын ойы,
Күннің ыстық көзіндей қабылданған.
Өтіріктен, жаладан таза сөздер,
Зұлымдыққа жаза сөздер.
Найзағайдай жарқылдап жалындаған,
Іші-сырты сәулелі қара сөздер, - дегендей Абай өлеңдерінде көтерілген адамгершілік, гуманистік мәселелер қара сөздерінде де терең, дәлелді пікірлерімен берілген.
Бірнеше оқушы данышпан Абайдың «Қара сөздерінен» үзінді оқиды.
11 «А» сынып оқушысы Нұртаев Жалғастың өз шығармашылығы. Орындайтын:
Еркін: «Абай тағлымы»
Әйгерім: Қара сөз!
Лаура: «Қартайдық, қайрат қайытты, ұлғайды арман»
Нұршат: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек»
Рахмет оқушылар! Өздеріңді осы кемеңгер Абайымыздың қара сөздерінде айтылған ұлағатты пікірлерді әрдайым жандарыңда ұстап, ғибраттанған шығарсыңдар деп ойлаймын.
1-жүргізуші: VІІ слайд. Абай мәңгі жасайды.
Ұлы ақын 1904жылы 23 маусымда семей уезі, Шыңғыс тауында Жидебай деген жерде 59 жасында қайтыс болады.
Айдана: «Әйгерім Абайды жоқтауы»
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойландаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен ақын, философ, ағартушы, композитор бүгінде жарқын бейнесімен де, жалынды жарымен де бізбен бірге жасасып келеді. Ұлы ақынның бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері.
Қарытынды кітапханашы: Бүгін Абай өлендерін, әндерін, қара сөздерін әдемі нақышына келтіріп оқыған сазды әуенімен құлақ құрышын тұндырған әншіміздің де, тыңдаушылырымыздың да ішінде бәлкім дарын иесі, болашағынан зор үміт күттіретін ақын-жазушы, Абайдың елінің мақтанышы болатын азаматтар да отырған шығар. Абайдың халқына қалдырған мұрасы ғасырдан ғасырға жалғасып кете береді. Барлық ғұмырын қараңғылық пен надандықпен күресу жолында өткізген ұлы ақынның өсиеттерін жадында тұтып, сергек көңіл мен тереңіне үңіліп, Абайды оқыңдар демекпін.
Абай біздің – рухани қазынамыз. Абай мәңгі жасайды!
Достарыңызбен бөлісу: |