Кіріспе 5В080700 - Орман ресурстары және орманшаруашылығы мамандығының студенттеріне арналған «Инженерлік Геодезия» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.
Әдістемелік нұсқау оқу бағдарламасының тиісті бөлімдерін жан-жақты қамтиды, студенттердің зертханалық және есептік-сызба жұмыстарын орындау барысында оқу құралы ретінде пайдаланылады.
Зертханалық сабақты өткізуге арналған материалды баяндаудың алдында тапсырма берілген, ол оқу процесіне байланысты толық көлемде немесе ішінара орындалады. Келесі тапсырманың әрқайсысын орындау, өткен сабақтағы тапсырманың материалдарын жүйелі түрде пайдалануды қажет етеді.
Түсірістерді жүргізу нәтижесінде нүктелердің координаталарын есептеу ведомостары өнеркәсіп алаңындағы құрылыс учаскесінің планын жасаған кезде пайдаланылады, ал планды ғимараттың негізгі осін жергілікті жерге шығару жобасын жасау үшін қолданады және т.с.с.
Осылайша құрастырылған тапсырма студенттердің геодезиялық жұмыстардың жалпы технологиясын ойдағыдай ұғынуына мүмкіндік тудырады.
Әдістемелік нұсқаулықта геодезиялық аспаптардың құрылысына, тексерулеріне және жөндеулеріне назар аударылған, мұның өзі жоғарғы оқу орнында оқитын студенттердің келешекте білікті маман болып шығуына едәуір септігін тигізеді.