Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Теодолитпен горизонталь бұрыштарды өлшеу
5.1 Жұмыстың мақсаты-теодолит аспабымен танысу және горизорталь, вертикаль бұрыштарды өлшеу.
5.2 Керекті құрал жабдықтар: 3Т5КП сериалы теодолиттер, штатив, тіктеуіш, 2 қада, бұрыш өлшеу журналы.
5.3. Жұмыстың орындалу мерзімі: 100 минут.
5.3 Жұмыстың мазмұны орындау тәртібі:
-теодолитті штативке орнату және жұмыс бабына келтіру;
-микроскоппен есеп алуды үйрену;
-горизонталь бұрыштарды толық есеп алу тәсілімен өлшеу.
-екі рет жартылай есеп алудағы бұрыш мәндерінің айырмашылығы 1′-тан аспауы керек.
Теодолиттің есеп алу тетігі
Теодолиттің есеп алу тетігі шкалалы микроскоп көру дүрбісінің жанында орналасқан. 3Т5КП теодолиттің горизонталь және вертикаль дөңгелектерінен есеп алушы екі шкала көрсетілген. Теодолиттің негізгі осьтеріне аспаптың айналу осі – ZZ, цилиндрлік деңгей осі – UU, дүрбінің айналу осі - VV жатады.Осы осьтер арасында геометриялық өзара байланыс болуы қажет. Бұл өлшеу (вертикаль дөңгелек сол жақта – ДС) бірінші жартылай есеп алу болып есептеледі. Аспаптық қателерді азайту үшін бұрыш екі рет (ДС және ДО өлшенеді). Екінші рет өлшер алдында дүрбіні зенит арқылы айналдырып,яғни ДО-ға келтіреді және лимб 90˚ градус шамасына ығыстырылады да екінші жартылай есеп алу жүргізіледі. Осылайша жартылай екі рет есеп алу толық есеп алуды құрайды.Өлшеу нәтижелері бұрыш өлшеу журналына жазылады (4.1кесте). Ақырында екі жартылай есеп алудағы өлшенген бұрыш мәңдері салыстырылады. Егер айырмашылық теодолиттің қос есеп алу дәлдігінен – 2t аспаса, онда бұрыштың дұрыс өлшенгені. Керісінше болса, өлшеулер қайтадан жүргізіледі. Сондықтан,өлшеу жұмыстары алдында теодолит мұқият түрде тексеріліеді.
5.1 –сурет. Микроскопты көру саласы.
В- вертикаль бұрыш, Г-горизонталь бұрыш .
Бұрыштар мен мұқият тексерілген теодолиттермен тексеріледі. Горизонталь АВС бұршын өлшеу үшін теодолит В пунктеріне орнатылады.Теодолитті пунктке орнату центрлеу мен жазықтыққа келтіруден тұрады. Центрлеу деп теодолитті жіп немесе оптикалық тіктеуіш арқылы В нүктесінің дәл үстіне орнату, яғни осін өлшенетін бұрыштың төбесі арқылы өткізуді айтады. Содан кейін теодолит көтергіш винттер деңгей арқылы жазық жағдайға келтіріледі. Көздеуге ыңғайлы болу үшін А және С нүктелеріне кадарлар рнатылады. А нүктесі артқы, ал С нүктесі алдыңғы болып есептеледі.
Бұрыш өлшейтін аспаптың конструкциясын, өлшеуге қойылатын талаптарға байланысты бұрыштарды өлшеуге мынандай тәсілдер қолданылады:
1. Жеке бұрыш өлшеу тәсілі теодолиттік жүрістерді салуда, жобаны жергілікті жерге көшіруде, бұрыштарды өлшеу үшін қолданылады.
2. Айналдырып өлшеу тәсілібір нүктеде тұрып, үш бағыт арасындағы және одан да көп бағыттары бар триангуляция жүйесіндегі бұрыштарды өшеуге қолданылады.
3. Қайталау тәсілі есептеу қателіктерінің әсерін азайту мақсатымен, өлшеудің ақырғы нәтижесінің дәлдігін арттыру қажет болғанда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |