«Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасы


Масштабтар бойынша тапсырма



бет4/11
Дата05.06.2024
өлшемі1,89 Mb.
#203172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
mu po geodezii na kaz.yaz.

1.5. Масштабтар бойынша тапсырма
Есеп №1. Жер бетіндегі сызықтардың горизонталь ұзындықтары берілген L = 253,7 м; L = 198,66 м; L=208,9 м. Олардың масштабы 1: 5000, пландағы ұзындықтарын табу керек (1.1– кесте).


Есеп №2. 1: 500 масштабты планда 9,6 см; 13,7см; 21,1 см кесінділер берілген. Олардың жер бетіндегі горизонталь ұзындықтарын табындар (1.2- кесте).


Есеп №3. 1: 1000 сандық масштаб арқылы оған сәйкес сызықтық масштабын салу керек және ол арқылы мына ара қашықтықтарды 39 м; 98 м; 47 м; 57 м салыңыздар (1.3-кесте ).


Есеп №4. 1: 2000 сандық масштаб арқылы оған сәйкес көлденең масштабты салыңыздар және оған мына ара қашықтықтарды 49,6 м; 131.4 м, 73,2 м ; 91,8 м түсіріңіздер(1.4-кесте)


1.1 кесте

Нұсқа нөмері

Жер бетіндегі сызықтардың горизонталь ұзындықтары, м

Масштаб

1

156,7; 247,8; 456,7

1:10000; 1:5000

2

1486; 7645,0; 1000,0

1:25000; 1:50000

3

2465,0; 946,8; 1547,6

1:10000; 1:25000

4

2200,0; 4880,0; 3460,5

1:200000; 1:50000

5

1625,0;1324,5;10256,8

1:500000; 1:25000

6

385,8; 786,4; 545,0

1:25000; 1: 50000

7

645,5; 435,6; 875,2

1:1000; 1:5000

8

1265,3; 893,5; 454,5

1:2000; 1: 2500

9

245,2; 152,6; 145,0

1:1000; 1:2000

10

485,9; 578,2; 1025,0

1:2500; 1: 5000



1.2 кесте

Нұсқа нөмері

Пландағы сызықтардың горизонталь ұзындықтары, см

Масштаб

1

56,7; 47,8; 56,7

1:1000; 1:5000

2

86; 45,0; 10,0

1:25000; 1:50000

3

65,0; 94,8; 47,6

1:10000;1:25000

4

20,0; 80,0; 60,5

1:200000; 1:50000

5

25,0; 32,5; 25,8

1:500000; 1: 25000

6

38,8; 6,4; 5,0

1:25000; 1: 50000

7

45,5; 35,6; 75,2

1:1000; 1:5000

8

25,3; 93,5; 45,5

1:2000; 1: 2500

9

25,2; 52,6; 45,0

1:1000; 1:2000

10

45,9; 57,2; 25,0

1:2500; 1: 5000



1.3 кесте

Нұсқа
нөмері

Жер бетіндегі сызықтардың горизонталь ұзындықтары, м

Масштаб

1

36,7; 47,8; 56,7

1:1000

2

86; 45,0; 10,0

1:200

3

65,0; 94,8; 47,6

1:2000

4

20,0; 80,0; 60,5

1:500

5

25,0; 32,5; 25,8

1:200

6

38,8; 6,4; 5,0

1:2000

7

45,5; 35,6; 75,2

1:1000

8

25,3; 93,5; 45,5

1:2000

9

25,2; 52,6; 45,0

1:1000

10

5,9; 10,2; 15,0

1:200

1.4 – кесте

Нұсқа нөмері

Жер бетіндегі сызықтардың горизонталь ұзындықтары, м

Масштаб

1

110,6,220.6,75,6

1: 2500

2

115,6, 189,4, 144,4

1: 2000

3

4,66, 5, 78, 7, 66

1: 1500

4

25,5 ,14,4 66, 6

1: 1000

5

8,24, 17, 6 12,48

1: 200

6

2, 46 4, 66, 5,66

1: 100

7

4, 89, 7, 60, 10,4

1: 100

8

6,3 ,4,8, 3,9

1: 100

9

8,9, 18,6, 12,6

1: 200

10

84,8, 64,6,148,6

1:200



Бақылау сұрақтары

  1. Масштаб дегеніміз не?

  2. Масштабтың түрлері?

  3. Жергілікті жердің ұзындығын планға көшіру?

  4. Көлденең масштаб дегеніміз не?

  5. Сызықтық масштаб дегеніміз не?



Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Әртүрлі координаталар жүйелерінде топографиялық карта бойынша есептер шығару
2.1 Жұмыстың мақсаты – картаны оқи білу және олар арқылы инженерлік есептерді шығару:
- нүктенің географиялық координаталарын есептеу;
- нүктенің тік бұрышты координаталарын анықтау;
-картадағы бағыттың дирекциондық бұрышын, негізгі және магниттік азимуттарын анықтау;
- горизонтальдар арқылы нүктенің биіктіктерін анықтау;
- картадағы бағыт бойынша профиль сызу;
- картадағы шартты белгілерді оқи білу.
2.2 Керекті құрал жабдықтар: 1:10000 және 1: 25000 масштабты оқу карталары, топотранстпортир, өлшегіш– циркуль, милиметрлік қағаз.
2.3. Жұмыстың орындалу мерзімі: 100 минут
2.4 Жұмыстың мазмұны мен орындау тәртібі.
Картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтау. Нүктенің бойлығын анықтау үшін картаның минуттық рамасын пайдаланып, берілген нүктеге жақын орналасқан батыс және шығыс меридиандар жүргізіледі. Мысалы, А нүктесінің φА ендігін анықтау үшін осы нүкте арқылы картаның минуттық рамкасының оңтүстік қабырғасына параллель сызықты жүргізіледі. Секундттарын көзбен шамалап 0′27′′ осы параллельден рамканың оңтүстік қабырғасына дейінгі арақашықтықты табады. Оңтүстік рамкасының ендігі тең болады:


φА =54°40′ +0′27′′ =54°40′ 27′′

Осыған ұқсас етіп А нүктесі арқылы шын меридианды жүргізіп, А нүктесінің бойлығын табады (02′35′′). Батыс рамкасының бойлығы 45°00′-қа тең болғандықтан, ізделіп отырған А нүктесінің бойлығы тең болады:




λА=45°00′+02′35′′= 45°02′35′′


Тік бұрышты координаталарды– Х, У анықтау.Тік бұрышты координаталар – Х, У километрлік тор арқылы анықталады. (2.1.- сурет). Суретте масштабы
1: 20000 карта бейнеленген. Координатасы анықталған А нүктесі Х0 бойынша 6042км және Y0 бойынша 8503 км- лік торда орналасқан. Содан кейін А нүктесінен квадрат қабырғаларына және перпендикулярларын түсіреді де, нүктеден координаталық торға түсірілген перпендикуляр х, у координаталарының өсімшесі Δх=575м және Δу=335м болып келеді, карта немесе план масштабын ескере отырып, олардың ұзындығын көлденең масштабтың көмегімен табады:
Х = Хо+Δх = 6042000+575 = 6042575м
У = Уо+ Δу = 8503000 + 335 = 8503335м
6042 деп белгіленген сызық экватордан 6042 км-лік қашықтықта орналасқанын көрсетеді. 8503 деп белгіленген сызық 8 зонада орналасқан, ал 307 км сызық нүктелерінің координатасын көрсетеді.



2.1-сурет. Карта арқылы географиялық және тік бұрышты координаталарды анықтаудың сұлбасы.
Дирекциондық бұрыш, негізгі және магниттік азимуттарды анықтау.
Картадағы, пландағы сызықтардың бағытын олардың дирекциондық бұрыштарын, негізгі және магниттік азимуттарын транспортирмен өлшеу арқылы анықтайды.
АВ сызығының дирекциондық бұрышы αBC – ны анықтау үшін километрлік тордың солтүстік бағытынан АВ – ға дейінгі бұрышты өлшеу қажет (2.2- сурет), яғни
αBC = 120°30'. Негізгі және магниттік азимуттарды картаның төменгі жағында көрсетіген үш меридиандардың өзара орналасу сұлбасын (2.3– сурет) пайдаланып анықтайды, яғни негізгі азимут (2.3.), ал магниттік азимут (2.4.) формулаларымен анықталады.


Аш = α – γ; (2.3.)


Аш = 120 °30' – 2°20' = 118° 10 '


Ам = Аш – δш; (2.4.)


Ам = 118°10 ' - 12°10'=106°00′

мұндағы: γ – меридиандардың жақындасуы;


σ – магнит тілінің бұрылуы.
Горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін – Н анықтау (2.5. – сурет).
Егер биіктікті анықтайтын нүкте (А және С) тікелей горизонталь үстінде орналасса, онда оның биіктігі сол горизонталь биіктігіне тең болады.

2.2-сурет. Дирекциялық бұрыштарды анықтаудың сұлбасы.

2.3 – сурет. Азимуттарды анықтаудың сұлбасы.

2.4-сурет. Шын азимут пен магниттік азимут арасындағы байланыс және магнит тілінің ауытқуы

Мысалы: На =180 м; Нс = 190 м. Егер биіктігі анықталатын нүкте В горизонтальдар арасында орналасса, онда биіктік былайша анықталады:


В нүктесі 170 м горизонтальдың 1/3 – дей аралықта орналасқан. Горизонтальдардың қима биіктігі һқима = 10 м-ге тең 1 м – дің 1/3 бөлігі 13 м болады. Сонда, Нв= 167,65м тең. Мысалы: На = 180 м, Нс = 190 м.


НВ= Н1 + (d1/d )* hқима (2.5)



2.5 – сурет. Нүктенің белгісін анықтаудың сұлбасы


Картадағы бағыт бойынша профиль сызу.
Миллиметрлік қағазға түзу сызық жүргізіліп, оған пландағы АВ сызығының әр горизонтальмен қиылысқан нүктелері белгіленеді және биіктіктері жазылады. Белгіленген барлық нүктелерден перпендикуляр тұрғызылып, оларға горизонтальдар биіктіктері салынады. Алынған нүктелерді бір–бірімен қосып 2.6-суретінде көрсетілген профильді алады.





2.6 – сурет. План



2.7 -сурет. Профиль А-В


Бақылау сұрақтары:

  1. Картадағы географиялық координаталарды қалай анықтайды?

  2. Тік бұрышты координаталарды қалай анықтайды?

  3. Карта мен планда дирекциялық бұрыштарды қалай анықтайды?

  4. Планда горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін қалай анықтайды?



Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Ауданды анықтау


3.1. Жұмыстың мақсаты – картадағы әртүрлі учаскілерінің аудандарын планиметрмен, палеткамен анықтау.
3.2. Керекті құрал жабдықтар: цифрлық планиметр Planix 5, палетка оқу карталарды, көрнекілік құрал.
3.3. Жұмыстың орындалу мерзімі: 50минут
3.4. Жұмыстың мазмұны және орындау тәртібі
Механикалық тәсіл
Аудандарды механикалық тәсілмен анықтау планиметрді қолдануға негізделген. Әр түрлі фигуралардың пландағы ауданын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін аспаптарды планиметрлер деп атайды.
Жапония шығарған Planix 5 планиметрді пайдаланып картадада ауданды былайша анықтауға болады. План немесе карта түсірілген қағаз беті тегіс,әрі керілген болуы керек.Полярлық иінтіректің ұзындығын ауданның көлеміне байланысты орнықтырған дұрыс неғұрлым: аудан үлкен болса, соғұрлым иінтірек ұзындау болғаны жөн. Планиметірдің полюс орнын полярлық және полюстық иінтіректер аралығындағы бұрыш фигураны айналдырған кезде, 30С-тан кем және 150С –тан артық болмауы тиіс,ал шығыршықтың жиегі тек қана план немесе карта қағазының, не тегіс сызу тақтасының үстінде жылжығаны жөн. Бір бөліктің құнын және планиметірдің тұрақты санын ауданы белгілі бір фигураны бірнеше рет айналдыру нәтижесінде анықтау керек, осы кезде есептеу механизмі иінтіректе орнықты бекітілген болуы тиіс. План мен картаға үлкен аудандарды бөлшектеу арқылы планиметрмен анықтайды. Тұтас фигураны аз ғана қисық сызықтармен бөліктерге бөледі. Планиметр арқылы ауданды анықтағанда,есептеулерді арнайы журналға түсірген жөн.
Егер аудан контурын айналдыру сағат тілінің бағыты бойымен анықталатын болса,онда бірінші айналдырудың алдында көрсетілетін планиметр санын журналдың төменгі жолына жазады.





3.1-сурет. Цифрлық планиметр Planix-5
1-полюстік жүк; 2-полярлық иінтірек; 3-дисплей;
4-трассердің иінтірегі; 5-линза; 6-функционалды клавишалар;
7-қуат алғыш құрал.

Бұл планиметр де полюстік жүкті (1) анықталатын фигураны планиметрдің полярлық иінтірегінен айналдырғанда аудан мөлшері есептеу механизмінде см-мен есептеледі. Картаның масштабын біле отырып, ізденілген ауданды анықтауға болады. Мысалы, масштабы 1:100 картада планиметрмен өлшенген фигураның анықталған ауданы d =250 см. Сонда ізденіліп отырған фигураның ауданын мына формуладан анықтауға болады:




S=dМ2 (3.1)
S = 250 x 1002 = 2500000 cм2 =250 м2.

Ал кейбір сызбаларда вертикаль және горизонталь масштабтар берілетін болса, онда мына формула арқылы фигураның ауданын анықтау болады:




S=dNM (3.2)

мұндағы, M - горизонталь масштаб;


N- вертикаль масштаб;
d- картада планиметрмен өлшенген фигура.
Мысалы, топографиялық планның масштабы 1:100, ал вертикаль масштабты 1:200 картада планиметрмен өлшенген фигураның анықталған ауданы d =250 см болса, фигураның ауданы мынаған тең болады:S=250x200x100=5000000см2=500м2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет