Тау-кен өндірісінің негіздері дәрістер жинағы 1-тақырып кіріспе. Тау жыныстары туралы мәліметтер


-тақырып РУДАЛЫ КЕНІШТЕРДІ ЖЕРАСТЫ ҚАЗЫП ӨНДІРУ



бет9/16
Дата31.10.2022
өлшемі4,95 Mb.
#155842
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Дәрістер каз на печать 2

4-тақырып РУДАЛЫ КЕНІШТЕРДІ ЖЕРАСТЫ ҚАЗЫП ӨНДІРУ
Дәріс жоспары:
1. Кендер құрамы.
2. Кеннің және қоршаған жыныстардың мықтылығы мен тұрақтылығы
3. Кеннің кесектілігі
4. Кеніштердің қазу жүйелерін таңдауға әсер ететін ерекше себептер
5. Механикаландыру жабдықтарының қазу жүйелеріне тигізетін әсерлері
6. Қосалқы жабдықтар мен құралдар.
7. Руда кеніштерінде пайдаланылатын жоғары өнімді шетелдік тау-кен машиналары мен жабдықтары.



  1. Жерасты кендеріндегі металдар басқа пайдалы қазбалармен химиялық қосындыда болады. Кейбір пайдалы қазбалар (алтын, платина, жез) жерастында табиғи таза түрінде де кездеседі.

Кендер құрамындағы металдар санына байланысты жай, сапметалды (құрамында бірақ металл болса) және күрделі, көп металды (құрамында өндіріске жарамды екі немесе бірнеше металл болса) екі топқа бөлінеді. Сапметалды кендер (алтын, күкіртті кендер) күрделі кендерге қарағанда сирек кездеседі. Көп металды кендерге қорғасын-цинк, күміс-қорғасын, жез-колчедан (құрамында жезден басқа мырыш, алтын тағы басқа сирек кездесетін металдар бар) және тағы басқа кендер жатады.
Түсті металды кендердің көбісі сульфидтерге (күкіртті қосындылар) жатады. Техника жетістіктері кендердің өндірістегі қажеттілік орындарын да өзгертті. Мысалы, боксит ертеде темірі аз кендер қатарында саналса, енді электролиз арқылы алюминий алуға пайдаланылады. Карналлит әуелде тек тыңайтқыш ретінде қаралса, енді магний және оның қосындыларын алу үшін қолданылады. Өндірісте пайдалануға жарататын кен ішіндегі керекті компоненттер көлемі мен саны техникалық жетістіктерге және экономикалық жағдайларға байланысты өзгереді. Мысалы, өндіруге жарайтын кендерде металл құрамы былайша болуға тиісті: темір кендерінде – темір 30; жез кендерінде – жез 0,5 – 0,7; қорғасын кендерінде – қорғасын 2 – 5; мырыш кендерінде - мырыш 20 - 25; алтын кендерінде – алтын 3 гр/т, ал шашыранды кендерде 0,1 – 0,15; сынап кендерінде – сынап 0,1 – 0,5. Бірақта, келтірілген көрсеткіштер экономикалық жағдайға байланысты басқаша болуы да мүмкін.
Тотыққан сульфидті кендерден жез, кобальт, никель және тағы басқа металдарды алу флотация арқылы жүргізіледі, ал негізі оны басқаша байытуды тілейді. Сондықтан, кендерді тиімді байыту үшін, оларды қазылып жатқан кездерінде тотығу мен тотықпау шекараларын ажыратып, жер бетіне бөлек шығару керек. Сульфидтердің тотығу процесі сульфид кендері бетінде жұқа пленка пайда болуынан басталып, флотациялау жұмысын қиындатады. Осыған байланысты, қопарылған сульфид кендерін жерасты ұзақ сақтау олардың байыту үдірістерін нашарлатады.
Сульфид кендерінің технологиясы тұрғысында аса маңызды қасиеттеріне жататындары, олардың, өз-өзінен қызуы мен кейіннен жануы. Осылардың бәрі кенді қазу кезінде жерастында қалатын жоғалым щамасының өсуі және ұсатылған кендер арасына ауа кіруіне байланысты. Бұл, әсіресе сульфид кендерін құлатып қазғанда жиі кездеседі. Сондықтан, жерастында өз-өзінен жануға бейім кендерді өрт шалмауы үшін, қазымкеңістікті толық толтырмалап алу әдісін қолдану керек. Өрт болып қалған жағдайда ол аймаққа ауа жібермеу мақсатында өрт алған жерді оқшаулап бекіту керек.
Жанасу дегеніміз кендердің қоршаған жыныстармен жұптасып жатуы анық немесе көмескі болып көрінуі мүмкін. Жанасу көмескі болған жағдайлардағы қазу сатысында бүйір жыныстарында пайдалы кендер қалып қоймауы үшін тексеру жұмыстары ықыятты жүргізіліуі шартты. Кейде пайдалы қазбалар компоненттері бүйір жыныстарында ұсақ, шашыранды түрінде кездеседі және олардың кен ортасында орналасуы да әртүрлі болады. Егерде өте байыған желілер бөлшектері немесе кендер ортасы болса, оларды жеке шығарған дұрыс. Жекешелеп алу жерасты кенорындарында бірнеше пайдалы қазбалар болған жағдайда да қолданылады. Кейде өте жұқа желілер мен тақталарды қазғанда кенжар ауданы жеткілікті болу үшін қоршаған жыныстарды қопару керек. Егер, осындай жағдайда пайдалы қазба мен бос жыныстар бірге алынса, оларды жаппай (бірге) алу, ал бөлек алынса жекелеп алу деп атайды. Тазартпа жұмысы жүргізіліп жатқан кезде пайдалы қазбаларға бос жыныстар қосылып кетсе, ондай кендерді сұйылған, өндіруге зиянды кендер деп атайды. Егерде қоршаған жыныстар ішінде шашыранды пайдалы қазбалар болса, онда суйылған кен ішіндегі пайдалы қазбалар бос жыныстардағы шашыранды кендер есебінен көбейеді. Қоршаған жыныстардың араласу шегі, кен жұмыстары мен байыту үдірістеріне сәйкес келетін техника-экономикалық көрсеткіштермен анықталады.



  1. Кеннің және бүйір жыныстарының қаттылығы профессор М. М. Протодьяконов бекемдік шкаласымен бағаланады. Кендердің және жыныстардың бұрғылануына баға беру үшін, қазіргі кезде бұрғылау жылдамдығына байланысты жасалынған шкала қолданылады. Кенорындарындары кендері мен жыныстары көбіне қаттылығымен ерекшеленеді. Сондықтан, осындай жұмыстар жарылыс күшімен жүргізілетіндіктен, оларға қаттылығы жағынан дұрыс баға беру өте жауапты іс болып саналады.

Осыған қоса жыныстар мен кендерге тұрақтылығы бағытында баға беріледі. Бұл түсінік пайдалы қазбалар мен жыныстардың тек қаттылығын ғана емес, сонымен қатар олардың жарықшақтығын, қабаттастығын, бөлшенгіштігін, суланғыштығын көрсетеді. Төбедегі кен жыныстарының қазымкеңістігінде уақытқа тәуелді құламай тұруын тұрақтылық дейді. Тау-кен жыныстары тұрақтылығы бойынша бес топқа бөлінеді:
1. Өте тұрақсыз жыныстар. Бұл жағдайда қазбалардың бүйір жыныстарын тіреусіз ашуға болмайды. Сондықтан қазбалар төбесін алдын ала тіреу қажеттігі туындайды.
2. Тұрақсыз жыныстар. Қазба төбелері мен бүйірлерін ықшамдап ашқан сәттің өзінде құлап жататын жыныстарды айтады.
3. Орташа тұрақты жыныстар. Тіреусіз, ұзақ мерзім ішінде құламай тұратын жыныстарды жатқызады.
4. Тұрақты жыныстар. Тіреусіз, көлемді ашуға мүмкіншілік беретін жыныстарды айтады.
5. Өте тұрақты жыныстар. Тіреусіз, өте кең деңгейде ашуға мүмкіншілік беретін жыныстар.
Қазбалардағы тіреу жұмыстары жыныстар тұрақтылығына байланысты жүргізіледі. Кейде жыныстар құлампаздығын пайдалы жағынан да қолдана білу керек.
Кендерді жарылыс күшімен уатқанда, құлатып тиегенде, люктер ауызында тығындалып қалмау үшін кен кесектерінің шамасы аса үлкен болмауы керек. Люктердің тиегіш тесіктері кесектер көлемінен 4 - 5 есе үлкен болуы керек, бұл талап орындалмаса, олар екінші рет ұсатылады.

3. Опырылған кендер кесектілігіне, оның гранулометрикалық құрамы және құрам шамасының өзара байланыстылық қатынастары жатады. Өндіріс жағдайында кен кесектілігіне өте үлкен талап қойылады, олардың құрамында қанша ұсақ кен болуы алдын-ала белгіленеді. Мысалы, кен ішінде ұсақ бөліктер көбейген сайын, оларды домнада балқыту нашарлайды. Кеннің ұсақталуы, оларды тасымалдау кезінде, металл жоғалымын арттырады. Екіншіден, кендердің аса үлкен кесектілігі өндіріс процестерін күрделіндіреді де өнімді азайтады. Кеніштерде кездесетін кесектілік мөлшері 200 - 900 миллиметрден 1 метрге дейін өзгереді. Кендерді екінші рет ұсату жұмысын қысқарту мақсатында кесектілік шамасын көтеруге бағытталған тұжырым бар. Алынып жатқан кендердің қажетті кесектілігін реттеу тиімділігін арттыру, жарылыс параметрлерін өзгерту арқылы іске асады. Жарылыспен опыру кезінде кесектілік шамасына әсер ететін факторлар келесідей:


1. Кендер мен жыныстардың физика-механикалық қасиеттері, жыныстар сілемінде кездесетін бұзылыстар және жарықшақтар.
2. Кен алу әдістері. Кендер мен жыныстарды ұсату ұзын зарядтармен (теспелер, төтелдер арқылы) жүргізілсе тиімді де, ал жалпақ (миналы) зарядтармен жүргізу тиімсіз. Өйткені, жыныс пен кен зарядқа тақау орналасатын тұстарында өте қатты ұсақталып, шаңдануы мүмкін, ал одан алыстаған сайын кесектеніп құлауы байқалады.
3. Қима ауданы мен уатылатын сілемді ашатын бөліктің аумағы. Қима ауданы өскен сайын ашылатын беттің аумағы көбейеді және үлкен кесектер шығуына жол ашылады.
4. Жарылғыш заттар көлеміне және сілемде жарылғыш заттардың біркелкі орналасуы.
5. Жарылғыш заттардың ұсақталғыштығы, зарядтарды ату кезектігі және жарылыс жұмыстарының сапасы.
4.1-суретте кендерді жерасты ұсату қондырғысы көрсетілген.

4.1-сурет. Кендерді жерасты ұсататын қондырғының жалпы көрінісі

Суретке сәйкес 4 тонналық вагоншалармен оқпан алабына жеткізілген кен айналма төңкергішпен (1) шанапқа (бункерге) (2) құйылады, одан әрі қарай түсіргішпен (3) жақты ұсатқышқа (5), одан ұсатылған кен тағы шанапқа (6) түсіріледі. Осы шанапқа, конвейер (4) арқылы, түсіргіштен (3) түскен ұсақ кендер де жиналады. Кенді скипқа (9) тиеу, өлшемді түсіргіштен (7) өтіп, науа (8) арқылы іске асады. Кездейсоқ асып түсетін кендерді ұстап қалатын қондырғы (10) орнатылған. Ұсатқыш қондырғы жинақтау сөресімен (11) және осы жұмыстарды жүргізетін арнайы орындармен қамтамасыз етілген.


4.2-суретте ұсату қондырғысының келесі бір түрі көрсетілген. Қондырғы тесіктері 900х1200 мм жақты ұсатқыштан (4) тұрады. Ұсатқыш үстінде пластинкалы түсіргіш (3), оған науаша (2) арқылы аудармалы вагоншалармен (1) кендер түсіріліп тұрады. Шанап арқылы ұсатылған кендер, аумағы 100 м3, скипке тиеледі.

4.2-сурет. Жерасты кен ұсатқышы

Жерасты ұсатқыштары жұмыс істегенде өте көп шаң бөлініп шығады және олар тек ұсатқыш камераларында ғана жиналып қоймайды, сонымен қатар шақты ауасын да ластайды. Сондықтан, кейбір шақтыларда қосымша шаң ұстағыш қондырғылары орнатылады (4.3-сурет).



4.3-сурет. Жерасты кен ұсатқышы шаңын ұстайтын қондырғы

10-тонналық вагоншалар скипті оқпан алабарында қабылдап, қабылдау бункеріне (1) жүктерін түсіреді. Жүк одан әрі қарай пластинкалы түсіргіш (2) арқылы құлама елекке жеткізіледі, одан шыққан кен ұсақтары бункерге (3) тиеледі, ал ірі кесектер тесіктері 900х1200 мм жақты ұсатқыштарға жіберіледі.


Желдеткіш (9) пен филтір (10) арнайы камерада (8) орнатылған. Шаңдалған ауа құбыры (6) арқылы сорылады. Кен бункері мен пластинкалы түсіргіш қаптамалармен (5, 7) жабылған. Филтірде жиналған шаңдар жекелендірілген камерада (11) вагоншаларға түсіріледі. Осындай шаң сорғыш құбырлары арқылы сағатына 8600 м3 ауа өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет