Көмiр тақтасы – дегенiмiз, жер астында бiраз жердi алып жатқан, екi жағынан параллельдi беткеймен шектелген пайдалы қазба денесі.
Тақтаның жоғары жағында орналасқан жыныстарды төбесi не жабын бүйiрi, ал тақтаның астында жатқан жыныстарды табаны (жатын бүйiрi), деп атайды.
Пайдалы қазбалар қабаты өзiнiң құрылуына байланысты бiртектi және күрделi болуы мүмкiн (2.2- сурет).
а б
2.2- сурет. Көмiр тақталарының құрылымы: а) күрделi; б) бiртектi
Қазып алуға жарамсыз (қалыңдығы 40 см дейiн) өте жұқа көмiр тақтасын жаңқа деп атайды. Жер қыртысы жарығын толтыратын минералды денелердi желi дейді (2.3-сурет). Асыл минералдардың жер астында осылай жатыс түрi өте сирек кездеседi.
а б в г
2.3- сурет. Пайдалы кен денелерінің жатыс қалыптары: а) желi (1- қарапайым түрi; 2 - күрделi орналасқан түрi); б) шток; в) жаңқа (линза); г) ұя
Желiнің тармақталып бөлшектенуін апофиз дейді.
Қисық формалы, жерасты қуыстарын толтыратын, бiр-бiрiнен өзiнiң құрылымы және аумағымен ерекшеленетіндерді штокты, ұялы кен орындары деп атайды. Олардың қатарына көбiнесе темiр, мыс және тағы басқа көп құрылымды кен орындары жатады. Бос жыныстар мен пайдалы қазбалар бастапқыда жатық болып қалыптасса, кейіннен құбылыстар әсеріне байланысты кен қабаттары қатпарлануы (0 - 900) кез келген жағдайға ұшырауы мүмкiн. 2.3-суретте, кен денелерiнiң әртүрлі (желi - а, шток - б, линза (жаңқа) - в, ұя - г) жатыс түрлері келтiрілген.
Антиклиналға - дөңесi жоғары бағытталған (2.4, а-сурет), ал синклиналға төмен ойысты қатпарлар жатады. Ыдырау – жыныстар жатысында пайда болған жарықтар бойымен (2.4, б-сурет) қабаттардың тiк немесе соған жақын бағытта жылжитын бұзылыстар.
2.4 - сурет. Геологиялық бұзылыстар: а) қыртыстар; б) төмен жылжу (ыдырау)
Кен жыныстарының тұтастығы, үзiлмейтiн бұзылыс - пликативтi (қатпарлы) делінеді. Оларға қабаттың жұқалануы, қалыңдауы және шайылуы жатады. 2.5-суретте көмiр тақтасының жатыс элементтері көрсетiлген
2.5- сурет. Көмiр тақтасының жатыс элементтері
Жатыс жазықтығының көмiр тақтасымен қиылысу сызығының бағыты - жазылым болса, ал сызықтың өзi (А-Б) жазылым сызығы деп аталады. Тақтаның жазылым сызығына тiк жазықтықпен қиылысу сызығы - құлама сызығы (В-Г) болады. Құлама бұрышы (a) бойынша тақталар жазық (0 - 180), көлбеу (19 - 350), құлама (36 - 550), тiк (56 - 900) болып бөлiнедi. Тақта қалыңдығын (m) оның қуаты деп те атайды. Көмiрдің қуаты перпендикуляр бойынша алғандағы тақта төбесi мен табанының ара қашықтығы. Күрделi тақталарды қазғанда жалпы және пайдалы қалыңдықты айыра бiлу керек. Жалпы қалыңдық, пайдалы қазындының барлық тектесiмен бос жыныстарды қоса алғандағы қалыңдығы, ал пайдалы қалыңдық - тек пайдалы қазынды тектелерiнiң қосындысы ғана.
Тақталар қалыңдығы бойынша - өте жұқа (0,7 м дейiн), жұқа (0,71 - 1,2 м), орташа қалың (1,2 - 3,5 м), және қалың (3,5 метрден жоғары) болып бөлінедi. Технологиялық тұрғыдан бiрге қосуға қолайлы жекелеген тақталар тобын свита дейміз.
Пайдалы қазбамен, бүйір жыныстарының физика-механикалық қасиеттерi өзгеше болуына байланысты тау жыныстары түрлi топтарға бөлiнедi. Профессор М.М.Протодьяконовтың ұсынысы бойынша тау жынысының қаттылық коэффициентi анықталған. Ол сан жүзiнде уақытша қысымға қарсылық мөлшерiнің 100 ден бір бөлiгіне тең, яғни:
Достарыңызбен бөлісу: |