6 ҚҰРЫЛЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН ҚАЗЫП ӨНДІРУ Дәріс жоспары:
1. Құрылыс материалдары туралы жалпы мəлiметтер.
2. Құрылыстық табиғи тастарды өндіру
1. Құрылыс материалдары туралы жалпы мəлiметтер Құрылыста пайдаланылатын таужыныстарының барлық түрлерi құрылыстық таужыныстары деп аталады. Құрылыстық таужыныстарынан дайындалған өнiмдерге ұсақталған тас, қиыршық тас, құм, сазды топырақ, қабырғалық жəне қаптайтын тастар жатады. Құрылыстық таужыныстары мен жартасты минерал шикiзаттарды өндірудің өзіндік ерекшеліктерілері мен айырмашылықтары болады. Құрылыстық таужыныстарын өндiрудiң ерекшелiгi олардың бөлiктiгiн, беріктігін, сəндiлiгiн жəне т.с.с. табиғи қасиеттерiн сақтаудың қажеттiлiгiнен туады. Құрылыстық таужыныстары негiзiнен кенсіз арнайы карьерлерден өндіреді. Бірақ табиғи ресурстарды кешендi пайдалану үшін көмiр жəне кен карьерлерiндегi аршыма таужыныстарын құрылыс материалдары ретiнде өндіру мүмкіндігін де кеңінен пайдаланудың тиiмдi екендiгi айқын. Құрылыстық кірпіштерді шығару мақсатында əртүрлі жеңiл балқитын сазды балшық пен сазды топырақ өндіріледі. Республикамызда кірпіштік шикiзаттарды өндiретiн iрi карьерлердiң қатарына Ащыбұлақ, Боралдай, Шымкент, Михайлов, Көкшетау жəне Петропавл карьерлерi жатады. Құрылыста қолданылатын құмдар Семей, Илек, Сазды, Ақмола, Белая горка, Тасөткел, Новострой, Арыс, Жақсымай жəне т.б. карьерлерден өндіріледі. Қазақстанда құрылыстық тастардың жеткілікті мөлшерде барланған қорлары бар. Олардың қатарына Қайтал, Мұғалжар, Шетпе, Шалқия, Васильков, Шiдертi карьерлерiн жатқызуға болады. Құрылыста қаптама ретінде қолданылатын тастарды өндіретін Қордай, Майкөл жəне Қайрақты – гранит, Екпендi жəне Қаратау – мрамор, Сарыбұлақ туф, Кентау – доломит, Ақбастау-Қызылсай, Тесiктал – мрамор карьерлерi бар. Цемент жəне əк өндiруге қажеттi карбонаттық шикiзат – əктас Суықбұлақ, Астахов, Сазтөбе, Қазықұрт, Белая горка карьерлерiнде өндіріледі. Цемент-гипс өндiрiсiне қажеттi гипстiк тас өндіретін кəсіпорындар Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Оңтұстiк Қазақстан облыстарында орналасқан. Көптеген карьерлердiң өндiрiстiк қуаты жергiлiктi құрылыстың қажетiн қамтамасыз етуiмен анықталады. Осыған орай құрылыстық таужыныстарын өндiретiн карьерлердiң өндiрiстiк қуаты өндiрiлетiн өнiмнiң түрі мен қолдану мақсатына жəне оларды өндіретін құрал жабдықтардың техникалық деңгейiне байланысты болады. Құрылыстық таужыныстарын өндіретін карьерлерде аршу коэффициентi көп төмен (0,3). Құрылыстық таужыныстарын өндiруге жұмсалатын қаражат басқа шикізаттарды өндіретін карьерлермен салыстырғанда аз. Ал тұтынушы үшін оның бағасы əжептəуір жоғары болады. Құрылыстық таужыныстарынын Республика аймақтарында бiркелкi таралмауының себебінен оларды əжептəуір қашықтыққа тасуға тура келеді. Қазіргі кезеңде жүк тасымалдаудың бағасы қымбат. 10.2 Қиыршық тас өндіретін карьерлерiндегi тау-кенжұмыстарының процестерi мен технологиясы Құрылыстық таужыныстарынан алынатын көлемі бойынша негiзгi өнiмдердің түріне 616 ұсақталған қиыршық тас жатады. Ұсақталған қиыршық тасты өндiру технологиясы сiлемнен таужыныстарын бұзып алу жəне оларды өлшемдері бойынша қажеттi деңгейге дейiн ұсақтау болып табылады. Ұсақталған тас бетон жасау үшін толтырғыш ретiнде қолданылады. Ұсақталған тастар 5-10, 10-20, 20-40 жəне 40-70 мм-лік фракцияларға бөлiнедi. Олардың құрамындағы шаң жəне сазды балшық бөлiктерiнiң көлемі 2-3%-тен аспауға тиісті. Берiктiгi бойынша ұсақталған қиыршықтастар жетi маркаға бөлiнедi: 1200, 1000, 800, 600, 400, 300, 200 (ұсақталған тастың берiктiгiнiң сандық мөлшерлерi цилиндрде қысқанда ұсақталуыбойынша анықталады). Мысалы, 1200 маркалыұсақталған қиыршық таста орнықсыз жəне желге мүжілген түйірлердің мөлшері массасы бойынша 5%-тен ал маркалары 1000, 800, 600, 400 ұсақталған тастарда – 10%-тен артық болмауға тиісті. Аязға шыдамдығы бойынша ұсақталған қиыршық тас тоңазу мен ерудiң 15, 25, 50, 100, 150, 200 жəне 300 рет төтеп беретіндігі бойынша бөлінеді (МРЗ-15, МРЗ-25 жəне т.с.с.). Ұсақталған қиыршық тастың маркасы олардың тоңазуға жəне еруге қаншалықты рет шыдайтынын көрсетедi. Құрылыстық таужыныстары карьерлерiнiң өндiрiс технологиясының құрамына мынадай процестер кіреді: тау-кен жыныстарын қазуға дайындау, қазу-тиеу жұмыстары, таужыныстары қоспасын тасымалдау, пайдалы қазындыны өңдеу жəне аршыма таужыныстарын үйінділеу. Кенсіз пайдалы қазынды болып табылатын тасты таужыныстарының 40%-ынан астамының бекемдігі орташа немесе берік болады. Оларды сiлемнен қазып алудан бұрын бұрғылау-аттыру жұмыстарының көмегімен бұзады. Оларды механикалық қопсытқыштармен бұзу əдісті сирек қолданылады. Ұсақталған қиыршық тас шығаратын карьерлерде ұсақтаудың төменгi класының уақтылығының қосымша шегi болады. Ұсақталған берiк тастарды алу үшін кенжардағы уақ фракциялардың мөлшерлерi мейлінше аз болуға тиiстi: атпалы таужыныстары үшін – 10-20 мм-ге дейiнгi класс; карбонатты таужыныстары үшін – 70 мм-ге дейiн, кейде 150 мм болады. Əктас карьерлерiнде ұсақталған тастың фабрикадан көп шығуын қамтамасыз ету үшін қопару кезiнде шығатын таужыныстары қоспасының кесектiгi 500 мм-ден артық жəне 20-40 мм-ден кем болмауға тиімді. Қазу-тиеу жұмыстарын жүргiзуге жəне қопарылған тасты жыныстарды тиеуге көбiнесемеханикалық күректер қолданылады. Экскаваторлардың қолдануын анықтайтын көрсеткiш – оның кесу-көтеру күшi болып саналады. Бульдозерлер карьердегі қосымша жұмыстарды орындауға, сондай-ақ кейде таужыныстарын қазып, қысқа қашықтыққа тасымалдауға да пайдаланылады. Технологиялық ерекшелiктерiне қарай кенсіз пайдалы қазбалар карьерлердегi көлiк атқаратын қызметтері бойынша былайша бөлінеді: 1) карьер iшiндегi – аршыма кемерлерiнен үйіндіге дейiн немесе өндiру кемерлерiнен байыту қондырғыларына тасымалдайтын; 2) цехтық – материалдарды байыту қондырғының қабылдау бункерiнен байыту немесе өңдеу механизмдерiне жəне олардың арасында тасымалдайтын; материалдарды байыту қондырғысынан дайын өнiм қоймасына жəне үйіндіге тасымалдайтын; 3) сыртқы – дайын өнiмдi тұтынушыға тасымалдайтын (қоймадан немесе кенжардан). 617 Кенсіз пайдалы қазбалар карьерлерінде қолдану көлемi жағынан бiрiншi орында доңғалақты, яғни автомобиль көлiгi тұрады, аз мөлшерде теміржол көлiгi (негiзiнен қуатты флюстiк карьерлерде) қолданылады. Кейінгі кезде келешегi мол конвейер көлiгi де кең қолданылуда. Құрылыстық материалдар карьерлерiнде үйінді жұмыстарын механикаландыру əдiсi бойынша негiзiнен үйінділеудің бульдозерлiк, экскаваторлық, абзетцерлiк, гидромеханикандырылған жəне құрама сияқты сұлбалары қолданылады. Кенсіз пайдалы қазбаларды өндіретін карьерлердiң таяздығына байланысты карьердi ашатын оржолдарды көбiнесе карьер алаңының сыртына орналастырады. Ұсақталған тас карьерлерiнде пайдалы қазынды негiзiнен топтық күрделi оржолдарымен ашылады. Кенсіз пайдалы қазынды көбiсi жазық жəне көлбеулiгi шамалы кен денелерiмен сипатталады, осыған байланыстыолардықазу үшін академикВ.В. Ржевский ұсынған қазу жүйелерiмен, яғни қазу бағытының карьер алаңында профильде жəне планда өзгеруiмен, сондай-ақ үйінділердiң орналасу орнымен анықталатын қазу жүйелерi қолданылады. 10.3. Құмды-қиыршық тасты жəне құмды ашық əдiспен өндіру Құм (50%-тен жоғары), қиыршық тас жəне қойтастар қоспаларынан құрылатын қатпарлы кентоптары құмды-қиыршық тас кендерi деп аталады. Қоспадағы құмның құрамы 50 %-тен аз болса, осындай кендер қиыршық тасты-құмды деп аталады. Қиыршық тас пен құм стандарттармен анықталатын нақтылы талаптарға сəйкес болуға тиiсті. Стандарт дайын өнiм фракцияларын, құбылмалы қоспа құрамын, сазды топырақ пен шаң тəрiздес бөлшектердің массаның мөлшерлерін, аязға төзiмдiлiгiн жəне құм жəне қиыршық тастың түйiршiктерiнің пiшiн бейнесін белгiлейдi. Қиыршық тас табиғи қиыршық тасты-құмды қоспаларды өлшемдері əртүрлі електермен електеу арқылы өндiрiледi. Құрылыс жұмыстары үшін фракциялары 5-10, 10-20, 20-40, 40-70 мм қиыршық тастар шығарылады. Таужыныстарының орнықсыз түйіршiктер (күйрек, үгітілмелі) құрамы (бiросьтi қысу σқ кезiндегi бекемдiк шектiгi 2х107 Па-дан да кем) 10%-дан (массасы бойынша) аспауы қажет. Сазды топырақты, майлы жəне шаң тəрiздi бөлшектердің мөлшерi 1%-дан (массасы бойынша) аспауға тиісті. Қиыршық тас құрамында қабатша жəне ине тəрiздi түйіршiктер 15%-дан артық болмауы тиiстi. Ұсақталуына байланысты қиыршық тастың төрт маркасы болады: Др8, Др12, Др16 жəне Др24 (осы маркалардың əрқайсысы цилиндрде қосылғаннан кейiн массасының 8, 9-12, 13-16 жəне 17-24 %-ке сəйкес азаюымен сипатталады). Құрылыста пайдаланатын құмдар (бетон үшін толтырғыш, құрылыс ерiтiндiлерiнде, теміржолдардағы балласт қабатында, автожолдарды салғанда) табиғи жəне ұсақталған болып бөлiнедi. Байытылған табиғи құмда мөлшерi 5-10 мм-де – 5%-ға дейiн, 10 мм-ден iрiлерде – 0,5%-ға дейiн түйіршiктердiң болуы шарт. Шаң тəрiздi, сазды топырақ жəне лайлы бөлшектер 3%-ға дейiн, оның iшiнде топырақтың құрамы 0,5%-ға дейiн рұқсат етiледi. Ұсақталған құмды өндiру үшін үгiтiлген атпалы метаморфикалық тығыз шөгiндi жыныстар немесе қиыршық тас пайдаланылады. Осында қолданатын арнайы ұсақтау қондырғылары пішіні кубқа ұқсас қажеттi түйіршiктерді өндіруді қамтамасыз етедi. Қазiргi кезде шектiк түйіршiк өлшемдері 1,25 жəне 0,63 мм ұсақталып фракцияланған 618 құм шығарылады. Беріктiгi жағынан ұсақталған құм екi маркалы болуы мүмкiн: 800 жəне 400. Ұсақталған құмдағы шаң тəрiздi жəне сазды топырақ бөлшектерi 5%-дан аспауы тиiстi, оның iшiнде топырақ 0,5%. Əйнек жасауға қолданылатын құмның құрамдық сапасы кремний тотығының (SiO2 - нiң 99,8%-ке дейiн) кальцийдiң тотығымен, магнийдiң, алюминийдiң, темiрдiң, калийдiң жəне натрийдiң қоспаларымен анықталады. Құмды-қиыршық тасты кендердегi аршыма таужыныстарының орташа қалыңдығы 10 м-ден аспайды, əдетте 3 м шамасында болады. Өнiмдiк қатпардың орташа қалыңдығы 10 м болады. Кейбiр жағдайларда пайдалы қазынды қатпарының қалыңдығы 25-30 м-ге жетуi мүмкін. Құм өндiрудiң технологиясы, механикаландырылу жəне ұйымдастырылу деңгейлері сапасы стандарт талаптарына сай өнiмдердi өндiруге өндірістік шығындардың аз жұмсалуын жəне карьердегi өндiрiлетiн тау-жыныстарының кешендi пайдалануын қамтамасыз етуi қажет. Құмды-қиыршық тасты кендерді қазудың технологиясы олардың iшiндегi iрi кесектi материалдардың жəне əртүрлі таужыныстарының қабатшаларының болуына да байланысты болады. Құмды-қиыршық тасты карьерлерде бойлық жəне көлденең қазу жүйелері жиі, ал айналмалы қазу жүйелерi сирегірек қолданылады. Теміржол көлiгiн қолдануға мүмкіндiк беретiндей кен денесiнiң пiшiнi қолайлы, қалыңдығы бiршама, тасымалдау қашықтығы едəуiр болғанда тарамды қазу жүйесi қолданылады. Өнім өндiру жұмыстарында негiзгi қазу-тиеу құрал-жабдықтары ретiнде механикалық күректер жəне драглайндар қолданылады. Бұдан басқа, кейбiр жағдайларда жерснаряд қондырғылары, жүк тиеуiштер, көпшөмiштi экскаваторлар, бульдозерлержəне доңғалақты скреперлер қолданылады. Құмды-қиыршық тасты қазғанда экскавациялық жұмыс органы (грейфер) бар суда жүзетiн машина қондырғысы да қолданылады. Өндiрiлген пайдалы қазындыны тасымалдау сұлбасына байланысты негiзiнен автомобиль жəне конвейер көлiгi, анда-санда – теміржол немесе құрама көлiктерi қолданылады. Аршыма жұмыстары пайдалы қазбаны жауып жатқан таужыныстарының қалыңдығының аздығына байланысты көбiнесе доңғалақты скреперлермен жəне бульдозерлермен орындалады. Карьерде аршыма жұмыстары экскаватор – автомобиль көлiгi сұлбасымен жүргізiледi. Кеннiң құрылымы жəне механикаландыру құралдарының техникалық сипаттамасы қазылатын қабаттардың қалыңдығын анықтайды. Қазудың қалындығы жұқа (1-2 м-ге дейiн), аз (2-5 м), орташа (6-20 м) жəне қалың (20 м-ден артық) қабаттары болады. Құмды-қиыршық тасты пайдалы қазбаларды қазудың технологиялық сұлбаларын IV(төрт) топқа бөлуге болады (10.1-сурет): I топ – құмды-қиыршық тасты қоспа карьерден 1 ұсақтау-сорттау зауытына 2 тасымалданады, дайын өнiм одан тұтынушыға 3 жiберiледi; II топ – құмды-қиыршық тасты қоспа карьерде жылжымалы ұсақтау агрегаттарында 4 iшiнара немесе толық өңделедi. Құмды-қиыршық тасты қоспаны толық өңдегенде дайын өнiм тұтынушыға тiкелей карьерден жiберiледi; III топ – құмды-қиыршық тасты қоспа автомобиль көлiгiмен тасымалданып, карьер iшiндегi уақытша тұрақтыұсақтау-сорттау зауытына конвейер мен немесе гидравликалық көлікпен тасымалданады; IV топ – бiрiншi, екiншi жəне үшіншi топтардың құрамасы
Барлық топтардағы өнім шығаруға жарамсыз таужыныстары экскаватормен сорттау,
сұрыптап қазу жəне т.б. əдiстердің көмегiмен бөлiнедi. Құрылыс таужыныстарын өндіру тəжірибесiнде барлық тау-кен жəне көлiк құрал-жабдықтарын қолданғанда ең көп таралғаны I топтағы технологиялық сұлба болып табылады. Үздіксізжұмыс істейтін көлiк түрлерiн (конвейер, гидравликалық) қойтастыкендердi қазған жағдайда қойтастарды алдын ала ұсақтағанда немесе оларды бөлек қоймалағанда ғана қолдану мүмкіндігі туады.
Сулы құмды-қиыршық тасты пайдалы қазбаларды алдын ала құрғатпай қазудың ерекшелiктерiне пайдалы қазындыны табиғи ылғалдылығына жеткiзу үшін қазып жəне қабаттап қоймалап құрғату жатады (10.2-сурет). Қазу-тиеу операцияларын жүргізу үшін драглайндар, механикалық кері күректер, болат арқанды скреперлер, мұнаралы экскаваторлар, жүзгiш жерснарядтары, яғни тау-жыныстарын өзiнiң тұру деңгейiнен төмен жерден қаза алатын машиналар қолданылады.
Суланған пайдалы қазбаларды экскаватормен қазғанда пайдалы қазындының жоғалымын азайту мақсатында тесiктерi бар шөмiштердi қолданады, бұл шара шөмiштің толу коэффициентiн 0,8-ге дейiн ұлғайтады. Суланған кендердi қазғанда кейбiр жағдайларда таужыныстарының қоспасын жуу жəне сорттау үшін арнайы құрылымды төменнен көсiп алу мүмкіндiгi бар көпшөмiштi экскаваторлар теміржол немесе конвейер көлiгiмен бiрге қолданылуы да мүмкін.
Тереңдете қазу жүйесiнде жұмыс горизонттарын ашу кезiнде белгілі бір ретпен
бiр немесе бiрнеше кемерлер, ал жаппай қазу жүйесiнде – қазылатын қалыңдық толық тереңдiгiне ашылады. Жатыстары жазық пайдалы қазбалар əдетте сыртқы күрделi оржолдармен ашылады. Аршыма кемерлерi уақытша оржолдармен ашылуы мүмкін. Таудағы кендер тау жыныстары құламасы жəне түсіруі көмегімен ашылады. Алдыңғысын беткейдiң көлбеулiгi 200 -тан кем болмағанда карьердiң өндiрiстiк қуаты 4-5 млн. т-ға дейiн жəне жоғары жұмыс горизонтының төменгiден 60-80 м-ге биiктегенде қолданған тиiмдi. Өндiрiстiк қуаты едəуiр карьерлерде тас жыныстары түсiруiн қолданған ыңғайлы.
Таудағы карьерлерде карьер iшiндегi негiзгi көлiк жоғарғы горизонттан төменгiге, таужыныстарының гравитациялық жылжуын пайдалану мүмкіндiгi бар автомобильмен бiрге, құрама көлiк қолданылады. Тасымалдау қашықтығы 300-400 м болса, бiр шөмiштi қысым доңғалақты жүк тиеуiштердi қолданған тиiмдi.
2. Өнеркəсіпте, тұрғын үй жəне т.б. құрылыстарда пайдаланылатын табиғи құрылыс тастарының физикалық-техникалық қасиеттерi жоғары, төзiмдi жəне бедері сəндi болуға тиісті. Атқаратын қызметiне қарай олар қабырғалық жəне қаптайтын қаптама болып бөлiнедi. Қабырғалық тастарға қабырғаны жəне құрылыстың басқа бөлiктерiн тұрғызуға қолданылатын қабырғалық тастар жəне сiлемнен өндiрiлетiн қабырғалық блоктар, келешекте қаптайтын тастарға кесiлетiн жəне басқа да архитектуралық-құрылыстық заттар жатады.
Бекiтiлген стандартқа сəйкес қабырғалық тастардың мынадай маркалары өндiрiледi: 4, 7, 10, 15, 25, 35, 50, 75, 100, 125, 150, 200, 300 жəне 400 (тастың маркасы үлгiнi қысқандағы берiктiк шегiне сəйкес болады).
Даналап сатылатын тастың физикалық қасиеттерiнің ішінде беріктiгiнiң маңызы жоғары. Тастың жоғары беріктiгiнің арқасында оның ауа райы құбылыстарына төзiмдiлiгi жəне пайдалану мерзімі артады. Алайда олардың қаттылығы өңдеудi қиындатады жəне өнім шығаруға көп шығын жұмсалады.
Тастың технологиялық қасиеттерi, олардың бөлiктігімен, яғни тастың жарықшақталмаған бөлiктерiнiң мөлшерiмен анықталады. Жарықшақтардың орналасуы жəне олардың жиiлiгi негізінен монолиттік (біртұтастық) мөлшерiн анықтайды. Құрылыстық тастың желге мүжiлуге қарсы төзiмдiлiгi оның мəңгілігін сипаттайды. Мəңгiлiктіқ көрсеткіш бойынша табиғи тастар төрт топқа бөлiнедi. Бiрiншi топқа кварцит, гранит жатады, олардың бұзылу белгілері 500 жылдан соң, ал толық бұзылуы 1500 жылдан кейiн болады, екiншi топқа – лабрадориттер, үшіншi топқа – мрамор, төртiншi топқа – дөрекi қуысты əктас жəне гипстiк тас, олардың толық бұзылуы 50 жылдан кейiн байқалады.
Гранит блоктарын өндiру жұмыстарының құрамына мына операциялар енедi:
сiлемнен монолиттердi айырып алу, монолиттердi блоктарға бөлу, блоктарды алғашқы өңдеуге тасымалдау, блоктарды шала пісіру, блоктарды көлiк құралдарына тиеу. Монолиттердi сiлемнен айырып алу үшін жарылыс əдiсiн кенінен қолданады. Ол үшін табиғи жарықшақты ұлғайту жəне жасанды сынық жасау үшін бризанттылығы төмен жарылғыш заттар пайдаланылады. Жарылыс əдiсiмен өндiру кезiнде зарядтардың қажетті мөлшерін қатаң шектеу керек, ал қалған блоктарды жарылғыш заттардың ұсақтау əсерiнен қорғау үшін бос теспелер қатарын бұрғылау арқылы қол жеткізуге болады, себебі олар жарықшақтардың сілемде таралуын шектейдi.
Даналап сатылатын тас өндіретін карьерлер үшін негiзгi жарылғыш зат ретінде
түтiндi оқ-дəрi тектес жарылғыш заттарды пайдаланады.
Монолиттi блоктарға бөліп-жару операциясы алдын ала бұрғыланған теспелердi оқтап-аттыру арқылы немесе гидросыналармен бөлу арқылы жүргізіледі. Блоктарды өңдеу орнына қуатты тракторлармен болат арқандардың көмегiмен тартып апарады. Мраморлық блоктарды өндiру негiзiнен тас кесетiн машиналарды, болат арқанды араларды жəне олардың құрама əдiстері арқылы жүргізiледi. Мраморлық блоктарды аралап кесу жоғарыдан төмен қарай горизонтальды қабаттармен (кемерлермен) жүргізiледi.
Кемердің биiктiгi жəне тiлменің енi тас кесетiн машиналардың параметрлерiмен
шектеледі. Тау-кен жұмыстарын қарқындату жəне блоктарды өндiру көлемiн көбейту үшін бiркемерде тас кесетiн екi қосарланған машинаны орнатады: бiрiншiсi – көлденең арамен кесу үшін; екiншiсi – төменгi горизонтальдыжəне вертикальдыбойлыарамен кесу үшін. Көлiк кемерiнiң жұмыс алаңының енiнің ең аз мəні 15 м болады, онда таскесетiн машиналар, тиеу жəне көлiк құралдары орналасады, ал аралық горизонттардың енi 5-6 м. Болат арқанды араларды сiлемде қатты тау жыныстарының кiрiстiрмелерi болмаған кезде жəне жарықшақталмаған тау жыныстарын тілу үшін қолданады. Кесу ұзындығы 1500 м, екi немесе үш желiден тұратын, тарқатылмайтын болат арқанмен жүргізiледi
(10.4-сурет), оның астына түрпiлi пульпа үздiксiз берiледi. Болат арқанның жылжып жүруi жетектi станцияның шкивi арқылы қамтамасыз етіледі. Аралап көлденең кесу жартастың бөлуіну белгiсi бойынша өндiру жұмыстар жүйелерi екi топқа бөлiнедi.
Блокты – көлденең қамту ұзындығы машинаның конструкциясымен шектеледi,
ал бағаналы-көлденең қамту ұзындығы қатпардың төбесiмен жылжитын машинаның өлшемдерімен шектелмейдi, оның мəні тек қана карьер алаңының немесе учаскенiң енiне байланысты болады. Таскесетін машиналардың техникалық мүмкіндігі бойынша өндiру жұмысы жүйелерi аласа кемерлi (кемер биiктiгi 0,41 м 10.5 а, ə-сурет) жəне биiк кемерлi (кемер биiктiгi 3 м-ге дейiн 10.5 б, в, г, д, е, ж-сурет) болады. Тасты сiлемнен кесу операциялары үш жүйе бойынша жүргізiледi: көлденең, горизонтальды жəне вертикальды (желкелiк) жазықтықтарда аралап кесу. Көптеген машиналар екiншi жəне үшіншi операцияларды машинаның кемер бойымен жылжыған кезiнде бiр мезгiлде орындайды. Тасты кесу технологиясы негiздi үш операциядан тұрады (10.6-сурет).
I операция. Горизонталь түзу сызықтыкемер АВұзындығыL шетжақтарыфлангалық ор жолдармен жалғанған (А – кiретiн, В – шығатын), олар тас кесетiн машиналарды жаңа операцияларға көшіру үшін қызмет етедi. Машинаның кескiш органдары жұмыс шебiне көлденең аb, bc жəне т.с.с. блоктарды кеседi, олардың енi тастың бiр өлшемiне X тең болады. Көлденең қамту ұзындығы m тастың бiр көлденең бағыттағы у өлшемi еселi болуы қажет.
Машинаның жылжу бағыты мен тас кесетiн органының қозғалыс бағытының өзара перпендикуляр болуына байланысты осы операциялар қатар жүргізілген уақыттан басқа кезде олар бір-бірінен дербес болады.
II операция. Машинаның кескiш органдарымен кемердiң барлық ұзындығы бойынша горизонталь аралап кесудi жүргізедi. Операция үздiксiз.
III операция. Машинаның вертикаль кескiш органы блоктарды сiлемнен айырып алады (желкелiк аралап кесу).
Тас кесетiн кейбiр машиналар II жəне III операцияларды бiр мезгiлде орындайды.
Блоктарды тиеу жүк көтергiштiгi 3-16 т жебелi автомобиль крандарымен, сондай-ақ мұнаралы жəне кабельдi крандармен жүргізiледi (10.7-сурет).
Бiр өлшемді бекемдігі аз жəне орташа даналап сатылатын тастарды аласа кемерлi машиналардың артынан жинау үшін тас жинап-сорттайтын машина (10.8-сурет) құрастырылған. Жинаумашинасы 1 СМ-89А типті тас кесетін машинамен 2 бiрге жылжиды. Ол жылжығанда кесiлген тас сына 3 бойымен, бөлетiн қалқа 4 жəне шынжырлы конвейер 5 арқылы таспалы көлденең конвейерге 6 берiледi. Кесілген материалдар əрі қарай жылжығанда шынжырлы конвейерде 7 iрi кесектер мен ұсақталған тастар сортталады да, тұтастастар тез жылжитын шынжырмен 8 алынады да, 900 -қа бұрылып рельстің сыртына шығарылады, содан соң олар қолмен пакеттерге жиналып тасымалдануға даярланады. Даналап сатылатын тастың бетiн өңдеу технологиясы өндiру кезiнде алынған тастың сапасына байланысты болады. Көптеген карьерлерде тас өңдеу мекемесі осы карьердің құрамына кiредi, ал кейбiр жағдайларда арнайы тас өңдейтiн мекемелер жеке құрылады.
Өңдеу нəтижесiнде табиғи тасқа қажеттi пiшiн, өлшемжəне сыртқысəндiлiк берiледi.
Тарау бойынша бақылау сұрақтары:
1. Құрылыстық таужыныстарынан қандай өнімдер дайындалады?
2. Қиыршық тас өндірудің қандай негізгі технологиялық процестері бар?
3. Ұсақталған тастардың сапасына қандай талаптар қойылады?
4. Құрылыстық таужыныстарын өндірудің қандай технологиялық ерекшеліктері
бар?
5. Құмды-қиыршық тасты жəне құмдарды ашық əдіспен қалай өндіреді?
6. Құрылыстық табиғи тастар қалай өндіріледі?
7. Қаптама ретінде қолданылатын тастар қандай технологиялық сұлбалармен
өндіріледі?
8. Құрылыстық таужыныстарын қандай əдістермен өңдейді?