Тау-кен өндірісінің негіздері дәрістер жинағы 1-тақырып кіріспе. Тау жыныстары туралы мәліметтер



бет7/16
Дата31.10.2022
өлшемі4,95 Mb.
#155842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Дәрістер каз на печать 2

а – тау-кен үңгілері; б - кендіңгектер

Кеңістікті толтырмалармен бекітіп қазуда, босаған кеңістік тығындағыш материалдармен толтырылады: бос жыныстармен, зауыттардан шыққан шлактармен, байыту фабрикаларының қалдықтарымен және тағы басқа.


Құлатып қазуда бос кеңістіктен жоғары орналасқан жыныстар кендіңгектермен, толтырмалармен ұстап тұрылмайды, олар өз салмағымен құлап, кеңістікті толтырып отырады (3.2-сурет)

3.2-сурет. Бос жыныстарды өз салмағымен құлатып қазу

Босаған кеңістіктен жоғары, жыныстар қысымына байланысты аймақтар құрылады, одан, жыныстардың жарылуы, айырылуы, бөлек бөлек кесектер пайда болуы байқалады. Бірте бірте бұл аймақтың көлемі көбейіп босаған кеңістіктің көлеміне сай болады, осыдан кейін бұл құбылыс тоқталады. Бірақта, құлаған жыныстар жоғары жатқан жыныстардың салмағымен тапталадыда, жоғары жатқан жыныстар ептеп төмен қарай жылжиды, сөйтіп құлайтын аймақтан жоғары иілме аймақ пайда болады. Кейде босаған кеңістіктен жоғары жатқан иілме кеңістік бітедіде, одан жоғары жатқан жыныстар ешқандай жылжу күшіне душар болмайды. Ал, босаған кеңістіктің аумағы үлкен болса, онда жарылыс пайда болған иілме аймақтан жоғары жатқан жыныстар жарылмай жай майысады. Бұндай аймақты жай майысу аймағы дейді.


Жербеті, құлатып қазу әдісін қолданғанда, үш жағдайда болуы мүмкін:
1. Құлатылған аймақ жер бетіне дейін жетуі мүмкін. Егерде қазылатын кен орындарының көлемі өте үлкен болса, бұндай жағдайда тау-кен жыныстарының жылжуы өте екпінді байқаладыда, жер беті жарылып түсіп кетеді, ал кейде бұндай түсіп кеткен жердің көлемі өте үлкен болуыда мүмкін.
2. Жер бетіне тек майысу аймағы ғана жетеді. Бұндай жағдайда жер байсалды түсіңкіреп, не болмаса тек майысады да қояды.
3. Жер беті құлайтын аймақтан жоғары болып, жылжу әсері байқалмайды, ал егер ептеп жылжу әсері болса, оны тек әдейі арналған құралдар арқылы байқауға болады.
Кенорнын қазудағы көрсетілген үш ұстанымдық (принцип) – кендіңгектермен, толтырмалармен және құлатумен, әрқайсысы жеке жеке, ал кейде араласа қолданылуы мүмкін. Көп жағдайларда, жыныстарды ұстап тұрған пайдалы қазбалар қалдырылмай алынадыда, олардың орнына жыныстар құлатылады.
Тіреулердің, толтырма сілемнің, кендіңгектердің атқаратын жүмыстары - тау-кен қазбаларын (үңгілерді) жыныстар қысымынан, бір сөзбен айтқанда, тау-кен қысымынан сақтау.
Сонымен, тау-кен қысымы дегеніміз, тау-кен қазбаларын қоршаған жыныстардың күші (салмағы). Бұл күштердің әсерінен тау-кен қазбалары бұзылмау үшін, қазбаларды сақтауға, тіреулерден бөлек тағы басқа тіректер қолданылады.
Қолданылатын шаралар – тіреулерді орнату, толтыру, кендіңгектер қалдыру, жыныстарды құлатып ұстау, осының барлығы тау-кен қысымының келтіретін зиянын жою, не болмаса одан келетін зияндарды азайту. Бұл жүргізілетін жұмыстарды тау-кен қысымын игеру деп атайды.

6. Тазартпа кенжарлардың жұмысы ұтымды болу үшін маңайдағы дайындау үңгілердің жағдайлары жақсы болғаны қажет. Үңгінің мөлшері, қима ауданы, тіреулердің жалпы техника-технологиялық жағдайлары көпке дейін жұмыс қалыбында болуы, тек ғана, жүйелі түрде сақтаумен, қорғаумен және уақытысында жөндеумен байланысты.


Үңгілерді сақтап қорғауға әр түрлі факторлар әсерін білдіреді:
табиғаттық – тақтаның қалыңдығы мен құлама бұрышы, айналасындағы жыныстардың тұрақтылығы және тағы басқалар;
өндірістік - үңгілердің түрлері, өлшемдері мен пішіні, тіреу материалы, тазартпа жұмыстардың таяулығы, қорғау тәсілі, жұмыстардың тереңдігі және тағы басқалар.
Өндірістік факторларды дұрыс игеру әдістері табылса, тау-кен үңгілерін жөндеусіз сақтауға болады. Бірақта, табан жыныстарын сыдыру, тартпаларды және тіреудің тағы басқа элементтерін айырбастау, сияқты, ұсақ жөндеу жұмыстары қашан да болсын табыла береді.
Үңгілерді жөндеусіз пайдалануды келесідей әдістермен қамтамасыз етуге болады:
үңгілерді тақта ішінде немесе жыныстар арасында дұрыс орналастыру – мұның арқасында уақытша мен тұрақты тіреу қысымдарының әсері төменделеді;
жұмыс істеу мерзімі ұзаққа жобаланған үңгілерді далалы түрде өткізу (жыныстар ішінде);
үңгілердің көлденең қимасын үлкендетіп өткізу – формасы өзгерген жағдайда өлшемдері ереже талабтарының шегінен асып кетпеу үшін;
икемді тіреулерді пайдалану – төбе жыныстарының жалпы отыру мөлшері тұрғылықты тіреулердің технологиялық икемділік шегінен аспауға тиісті (бестізбекті аркалардікі - 700 мм);
қазба алабтарының өлшемдерін анықтауда, тау-кен жыныстарының физикалы-механикалық қасиеттерін, үңгілердің өткізілу қарқыны мен тазартпа кенжарлардың жылжымын, тіреулердің мүмкінді икемділігін ескеру.
Осы аталған талаптар мен шараларды жаңа үңгілерді өткізуде ғана жүзге асыруға болады. Бұрында өткізілгендер жөндеу арқылы сақталады. Уақыт бойынша да, ұзындықпен санағанда да, үңгілердің 85 пайызының сақтау жағдайлары әр түрлі болады.
Штректің ұзындығы бойынша тау-кен қысымының білінуін үш аймаққа бөлуге болады, Бұл аймақтар, әсіресе, жаппай қазу жүйелерінде және кендіңгектерсіз технологиялардың бағаналы қазу жүйелерінде анық байқалады. Бағаналы қазу жүйелерде, қазба үңгілері қайта пайдалану үшін, қазылған кеңістікте сақталынуы (3.3,а,в-сурет) немесе жаңадан ескіге жанастырылып өткізілуі (3.3,б-сурет) мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет