Тау-кен өндірісінің негіздері дәрістер жинағы 1-тақырып кіріспе. Тау жыныстары туралы мәліметтер



бет3/16
Дата31.10.2022
өлшемі4,95 Mb.
#155842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістер каз на печать 2

f = s / 100 .

Қаттылық коэффициент 0,3 тен 20 дейiн өзгереді. Мысалы, жұмсақ тас көмiрдiң қаттылығы 0,3 тең болса, ал тығыз және қатты кварцит, базальттардың қаттылығы 20-ға дейiн барады. Темiр рудаларының қаттылығы 6–12 аралығында.


Профессор Протодьяконовтың қаттылық коэффициент шкаласы дегенiмiз келiсiмдi өлшем.
Пайдалы кенді алу және алынған кен орнын тiреу процестері кен жұмысы деп аталады
2. Кен жұмыстарын атқару барысында жыныстар арасында қазба атты қуыстар пайда болады.
Қазбалар - орны, атқаратын жұмыстары, формасы және жату тереңдiгi бойынша әр түрлi болып келеді. Атқаратын жұмысына байланысты өткізілетін қазбалар, пайдалы кенді iздеп тауып, анықтауға арналса - барлаушы, ал кендi қазып алуға арналса – пайдаланушы қазбалар деп аталады. Жер бетiндегi ойылымдар ашық қазба, ал одан төменгілері жерастылық болып саналады. Жерастылық қазбалардың жер бетiне шығатын тұсын - ауызы деп атайды. Қазбалардың кен жұмыстарын жүргізуге байланысты жылжып тұратын бетiн кенжар дейді. Жерасты орналасу бағытына байланысты қазбалар - тiк, құлама, жазық болып бөлiнедi.
Тiк қазбалар қатарына жататындары - оқпан, тұйық оқпан, шурф, өрлеме, гезенк (2.6-сурет).
Оқпан – тікелей, жер бетiне шығатын қазба. Атқаратын жұмысы - қазып алынған кендi жер үстіне шығару, ауа алмастыру, кеншiлердi, материалдарды түсiрiп шығару т.б. Басты оқпан - тек қазып алынған кендi жер үстіне шығару функциясын атқарса, қосалқы оқпан арқылы кеншiлердi, материалдарды, басқа да жабдықтарды көтерiп-түсiру, шығару үшiн қолданылады.
Тұйық оқпан - тiк бағытты, жер бетiне шықпайтын және төменгi горизонттар кенiн жоғары көтеру үшін механикаландырылған көтергiшпен жабдықталатын қазба.
Шурф (шыңырау) - жер бетiнен бастап тiк (сирек құлама) өтетiн, жаппай жару кезiнде жарылғыш заттарды орналастыратын, шақтыларға жел жiберу, тiреу, материалдарды түсiрiп-шығару үшін қолданылатын қазба.
Гезенк (оқпақ) - жер асты жыныстарын жоғарыдан төмен түсiретiн, ауа алмастырып, кеншiлердi, материалдарды, жабдықтарды жеткiзетiн құлама (тік) қазба.
Жазық қазбаларға - штольня, квершлаг, штрек, жапсырмақаз және орт жатады.
Штольня (тауашар) – тікелей жер бетiне шығатын және жерасты жұмыстарының бар мұқтажын қамтамасыз етуші қазба. Оның барлаушы, пайдаланушы түрлерi болады.
2.6 - сурет. Тау-кен қазбалары: 1, 2 – тік оқпандар, 3 - тұйық оқпан, 4 - гезенк, 5- шурф, 6 – көлбеу оқпан, 7 - бремсберг, 8 - еңес, 9 – құлама қазба, 10 - жүрiс жол, 11- орт, 12 – көлбеу шурф, 13 – штольня (тауашар), 14 - штректер, 15- квершлагтар, 16 - жапсырмақаз, 17- тiлме қазба


Квершлаг (қылует) - жерастылық көмiр тақталарының жазылым жатысына кесе көлденең өтетiн, жүк тасып, кеншiлердi қатынастыру және ауа алмастыру жұмыстарын атқаруға арналған, жер бетіне шықпайтын жазық қазба.
Штрек (қуақаз) - жерастылық пайдалы қазбаның жазылым бойымен, не жанасты өтетiн, ауа алмастыру, адам-жүк тасу жұмыстарын атқаратын қазба. Штректердiң екi түрi кездеседі: бiрiншiсi - тасыма штрегi, екiншiсi - желдетпе штрегi.
Жапсырмақаз (просек) - жерастылық жазық көмiр тақтасы бойынша өткізiлiп, ауа алмастыру және жұмысшылар қатынасын қамтамасыз ететiн қосалқы қазба.
Орт - жерастылық қалың көмiр қабаттарына көлденең өтетiн, барлау, ауа алмастыру, жүк тасу жұмыстарын атқаратын қазба.
Қөлбеу қазбаларға жататындары қөлбеу оқпан, көлбеу шурф, бремсберг, еңес, құлама, жүрiс жол, тiлме қазба және түйiлiспе.
Көлбеу оқпан атқаратын жұмыстары тiк оқпан мен тiк шурфтың атқаратын жұмыстары. Айырмашылығы олардың құлама орналасқандығы.
Бремсберг (өрлейқаз) - пайдалы қазбаны жоғарыдан төмен түсiретiн, жер бетiне шықпайтын қазба.
Еңес (уклон) – пайдалы қазбаны төменнен жоғары шығаратын, жер бетiне шықпайтын қазба.
Құлама (скат) - пайдалы қазбаны жоғарыдан төмен түсiретiн, жер бетiне шықпайтын қазба.
Жүрiс жол (ходок) - жұмысшылар қатынасуына, ауа алмастыруға, түрлi жабдықтарды жеткiзуге арналған құлама (кейде жазық) қазба. Жүрiс жол әрқашан бремсберг, еңестерге жанаса өтетiн, көбiнесе жұмысшыларды тасу үшiн механикаландырылған қазба.
Тiлме қазба (печь) - кен қабатымен өткізiлетін, жер бетiне шықпайтын қазба. Атқаратын жұмысы - жұмысшылардың қатынасуы, ауа алмастыру, жүк тасу, материалдарын жеткiзу.
Түйiлiспе (сбойка) - ауа алмастыру үшін арналған құлама, не жазық қазба. Жоғарыда келтірілген қазбалардың барлығында көлденеңдiгiнен ұзындығы артық, ал ұзындығы мен көлденеңi шамалы қазбаларды – камералар (кенүңгір) деп атайды.
Камераларда машина, механизмдер орналасады, әр түрлi материалдар сақталынады. Камералар көбiнесе оқпан маңайында орналасады. Камералар атқаратын функциясына байланысты - аялдама камерасы, электровоз гаражы, насос станциясы, диспетчер, медициналық пункті, су жинағыш т.б. түрлерге жіктеледі
Кен қазылатын орынды тазартпа кенжар деп атайды. Жерастылық кен алатын ұзын кенжарды - лава деп те айтады. Қазба өткізу жұмыс орнын ұңғыма кенжар дейді.
3. Пайдалы қазындылар кенорындарын игеру үшін, кен шоғырының тау-кен геологиялық жатыс шарттарына жəне бос таужыныстар мен пайдалы қазындылардың қасиеттеріне байланысты, əртүрлі – ашық, жерасты, ұңғылық жəне суасты əдісімен игеру технологиялары қолданылады. Ұңғылық əдісті қазіргі кезде, көбінесе, физикалық-химиялық геотехнология деп атайды. Технология деген ұғым аясында белгілі бір кеңістікте, белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір кезекпен жүргізілетін өндірістік үдерістердің жиынтығын түсінеміз. «Пайдалы қазбалар кенорындарын игеру технологиясы» деген ұғымның орнына оған парапар «пайдалы қазындылар кенорындарын игеру əдістері» деген ұғым жиі қолданылады. Осыған сəйкес кенорындарын ашық əдіспен, жерасты əдісімен, ұңғылық əдіспен (физикалық-химиялық əдіспен), суасты əдісімен игеру деген ұғымдар ғылыми-техникалық жəне басқа да əдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Пайдалы қазындылар кенорындарын игеру технологияларының негізгі құрауыштары: 1. Жер бетінен басталып пайдалы қазындыларға жетуге мүмкіндік тудыратын жұмыстар – кенорнын ашу жұмыстары деп аталады. 2. Кен шоғырынан (кенорнынан) пайдалы қазындыларды жер қойнауынан өндіріп алу үшін ыңғайлы бөліктерге бөлетін жұмыстарды, яғни кенорнын тазарта қазуға (кен алуға) мүмкіндік тудыратын жұмыстарды – дайындық жұмыстары немесе тазарта қазуға дайындық жұмыстары деп атайды. 3. Пайдалы қазындыларды жер қойнауынан қазып-алу (өндіру) жұмыстары. Бұл жұмыстарды пайдалы қазындыларды тазарта қазып-алу (өндіру) немесе қазып-алу (өндіру) жұмыстары деп атайды. Пайдалы қазындыларды өндіру үшін ашу жəне дайындық жұмыстарын жүргізген кезде, негізгі үдерістердің техникалық, технологиялық жəне экономикалық тұрғыдан тиімді əрі қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін, олармен қатар қосалқы-көмекші жұмыстарда орындалады. Олардың құрамына жұмыс орындарына келетін суларды азайту жəне таужыныстарынан бөлінетін газдардан кенорнын немесе оның бір бөлігін сергіту жұмыстары жүргізіледі. Пайдалы қазындыларды өндіру жəне оларды жер бетіне шығару жұмыстарымен қатар пайдалы қазындыларды тазарта қазып алуға бөгет жасайтын бос таужыныстары қазып алынып арнайыүймеленетінжерлерінежеткізіледі. Сонымен қатар, технологиялық жұмыстарды жүргізуге керекті энергия қуатын, сығылған ауа, технологиялық су, таза ауа, машиналар мен механизмдер жəне басқа да қажетті материалдар жұмыс орындарына жеткізіледі. Кен өндіруші кəсіпорын, əдетте, осы кендерді алғашқы өңдеумен жəне оны байытумен де айналысады. Кен өндіру жұмыстары аяқталғаннан соң, кейде кен өндіру жұмыстары аяқталмайақ рекультивациялау, яғни, кен өндіру барысында бұзылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жерасты технологиясы деп пайдалы қазындыларды жерасты қазбалары арқылы өндіру технологиясын атайды. Пайдалы қазындыларды жерасты əдісімен өндіру немесе пайдалы қазындыларды шахталық əдіспен өндіру (ағылш. Underqroud mininq; нем. Unterlaqeberbau, Berqbau unter taqe) деп жер қойнауынан кен өндіру жұмыстарын жер бетінің бедерін бұзбай жерасты қазбаларының жүйесін қолдана отырып жүргізу əдісін атайды. Тау-кен қазбалары деп жер қойнауында салынатын жəне мақсаттарына сəйкес бейімделетін қуыстарды (кеңістіктік ойықтар) атайды. Жерасты тау-кен қазбалары деп жер бетінен төмен белгілі бір тереңдікте орналасқан жəне көлденең қимасының жиегі (контуры) тұйықталған тау-кен қазбаларын атайды. Ашық технология немесе пайдалы қазындыларды ашық əдіспен игеру технологиясы деп пайдалы қазындыларды ашық тау-кен қазбалары арқылы өндіру əдісін атайды. Ашық тау-кен қазбалары деп жер бетінен басталатын жəне көлденең қимасының жоғарғы жиегі тұйықталмаған тау-кен қазбаларын атайды. Ұңғылық технология немесе қатты пайдалы қазындыларды өндіру кезінде геотехнология, көбінесе, физикалық-химиялық технология деп пайдалы қазындыға ұңғы бұрғылап, оның физикалық немесе химиялық күйін өзгерте отырып жер бетіне ұңғылар арқылы өнім шығуға мүмкіндік беретін технологияны атайды. Қатты пайдалы қазындыларды ұңғылар арқылы тасымалдайтын жағдайға жеткізу үшін қысымы үлкен су ағыныменжуу, балқыту, еріту, химиялықжəне бактериалыөңдеу əдістері пайдаланылады. Суасты технологиясы құрлықтық шашыранды кендерді, көлдердің, теңіздердің контененталдық шельфтері мен мұхиттардың астында орналасқан кенорындарын игеру үшін қолданылады.

Тарау бойынша бақылау сұрақтары:


1. Пайдалы қазындылардың қорлары қандай категорияларға бөлінеді?
2. Пайдалы қазындылардың жоғалымы деген қандай ұғымдар жəне құнсыздануы?
3. Баланстық (есептегі) жəне өндірістік қорлар деген қандай ұғымдар?
4. Кенорындарын игеру технологияларының құрамына қандай тау-кен жұмыстары кіреді?
5. Жерасты тік, жазық жəне көлбеу қазбалар топтарына қандай қазбалар жатқызылған?
6. Кенорнын ашық əдіспен игеретін тау-кен кəсіпорындары қалай аталады?
7. Тау-кен кəсіпорнының жер бетіндегі кешеніне қандай нысандар жатады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет