Тауар және әлеуметтану
Кіріспе: Тауар деген не? Әлеумет тану деген не?
Негізгі бөлім: Тауар және әлеуметтану
Қорытынды:
Тауар — қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
Тауар және әлеуметтану. Менің ойымша осы екеуінің өзіндік бір қатынасы, ол нарық.Нарық [1]— тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды Нарық — бұл демократиялық құрал , онда әрбір тұтынушының дауыс қүқығы бар. Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция және тыйымдармен шектелмеген нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден бір жолы бар. Ол — тұтынушылардың талап-мұқтаждарын дер кезінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында тынбай еңбек ету. Мәдениет нарықтық қоғамда оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың осыған ұқсас адамға қатысты, айталық адамның өзін өзі бағалауына байланысты ұғымының пайда болуына әкеліп соқты. Өзін өзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа қатысты есептейтін мінез-құлық бағдарын нарықтық адам бағдары деп сараптайды.
Қорытындылай келе тауар мен әлеуметтанудың өзара қатынасы аз болғанымен, әлеуметтанудың әр салада кездесетінін түсінуге болады.
Қолданылған әдебиеттер: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%BB%D0%B5%D1%83%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%83%D0%B0%D1%80
Сосын менің түкке тұрғысыз бассым .
Достарыңызбен бөлісу: |