1. Сыртқы тауар және капитал айналымында тепе-теңдікке жетудің
теориялық мәселелері
Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары 1929-1933 жылдардағы
Ұлы экономикалық депрессия кезінен бері экономикалық теорияның басты
мәселесі болып келеді.
Экономикадағы тұрақтылық оның сыртқы және ішкі сектоларында
тауар, қызмет көрсету және капитал айналымының тепе-теңдікте жүруіне
әсер етеді.
8
Тепе-теңдік жағдайындағы айырбас пропорциясы сұраныс пен
ұсыныстың тепе-теңдігіне қол жеткізу арқылы жасалынады және де нарыққа
қатысушылардың бірде-біреуі өзінің жоспарланған сатып алу және сату
көлемін өзгертуге мүдделі емес.
Л. Вальрас моделі тұңғыш макроэкономикалық тепе-теңдік моделі
болып табылады. Оның моделі барлық рыноктарда толықтай тепе-теңдікті
қамтамасыз етіп тұратын тепе-тең баға негізінде құрылған. Вальрас
моделінен келіп шығатын аса маңызды қорытынды - егер экономикада өзара
байланысты нарықтардан тұратын тепе-теңдік n - 1 нарақтары арқылы қол
жеткізілсе, бұл тепе-теңдік басқа n-шi нарығында да автоматты түрде
орнайтын болады.
1847 жылы жарық көрген Вальрастың «Таза экономика әлементтері»
атты еңбегінде көрсетілген ережеге сәйкес елдегі импорт құны экспорт
құнына және шетелге сатылған таза активтер мен олардан түскен пайыздық
үстемелерге тең болады:
JM = X+NA+NR
(1)
мұндағы,
JM
- импорт;
Х
- экспорт;
NA
- таза актив сатылымдары (шетелдіктерге сатылған активтер құны
мен олардан сатып алынған активтер құнының арасындағы айырма);
NR
- таза пайыздық төлемдер (шетелден сатып алынған капиталдың
пайыздық құны мен шетелдіктерге төленген пайыздық құн арасындағы
айырым қалдық).
Қандай формада болмасын активтерді сату (жекеменшік құқық, құнды
қағаздар, алтын және басқа) елге капитал ағынын әкеледі. Ал пайыздық
төлемдер дегеніміз бұрын алған капиталды пайдаланғаны үшін төленетін
ақы. Салық - бүгінгі төлемдер. Соған сәйкес, таза мезгілдік активтер
сатылымы неғұрлым жоғары болса (
NA
) болашақта алынатын таза пайыздық
үстемелер соғұрлым төмен болады (
NR
).
1
теңдеуін құрастыра отырып,
2
теңдеуге келеміз. Теңдеудің сол жағы -
капитал саудасы ретінде қарастырылатын ағымдағы тауарлар мен қызметтер
балансы және капиталға төленетін таза пайыздық төлемдер, ал оң жағы -
капитал қозғалысының балансы.
JM – X – NR = NA
(2)
Сөйтіп, Вальрас ережесіне сәйкес тауар және қызмет сатылымдарының
баланстары қарама-қарсы капитал қозғалысы балансы заңына сай болуы
шарт. Егер мұндай тепе-теңдік болмаса, онда қалатын қалдық қателік деп
аталады.
Капитал мен шетелдік инвестиция тарту қажеттілігіне байланысты
Вальрас теориясы капитал өндірістік факторларының бірі болып табылады
деген қағидаға негізделеді. Капитал қоры негізінен тауар шығаруға (жұмыс
күші, қызмет түрлері) жұмсалуы тиіс. Өндірістің кәсіби ерекшеліктері мен
жетістіктеріне байланысты, мемлекеттердің өзіндік мамандану ерекшелікте-
9
ріне қарай тауар өндірісінің тиімділігі салыстырмалы түрде бір елдерде
жоғары, екінші елдерде төмен болады.
Халықаралық капитал және еңбек бөлісі тек елдердің материалдық
қорына ғана байланысты емес, тарихи дәстүрлеріне, өндірістік
тәжірибелеріне және тауар өндірісі мен нарықтық механизмдеріне, сондай-ақ
ақша және басқа да қаржы қорларына сәйкес айқындалады. Жеткілікті қор
жинағы (ақша формасындағы капитал) инвестиция тартуға және өндірісті
жетілдіруге, кеңейтуге арналған ең басты алғышарттардың бірі болып
табылады.
Бір елдерде артық капитал қоры жинақталуы, ал екінші бір елдерде
капитал тапшылығы орын алуы мүмкін, соған сәйкес кейбір елдердің капитал
көздерін іздеуі және шетелден капитал тарту жолдарын қарастыруы қажет
болса, келесі елдер капиталын өсіру мақсатыңда тиімді өндіріс орындарын
ұнымдастыруы керек.
Осыған байланысты бір елдерде шетелдік капитал ағыны пайда болады
да, екіншілері өздеріне неғұрлым тиімді капитал салу жолдарын іздейді.
Капиталды қарыз немесе несие түрінде алуға болады. Бірақ оны уақыты
келгенде пайыздық үстемемен қайтару қажет.
Сонымен қатар өндіріске капиталды инвестиция ретінде тартуға болады,
ал ондай капиталды қайтарудың қажеті жоқ. Инвесторлар тауарды сатқаннан
кейін табыс табады (капиталды қайтару формасы) және мемлекетке салық
ретінде пайда келтіреді (мемлекеттің таза табысының формасы).
Егерде мемлекеттің нарықтық және инфроқұрылымдық жүйелері
дамымаған болса, онда мұндай мемлекеттердің территориясына шетелдік
капитал тарту қиынға соғады. Себебі инвесторлар өз елімен салыстырғанда
пайданы аз шығынмен алуға бел байлайды. Сондықтан ең жақсы немесе тең
шарттар келісімі бойынша салуға тырысады.
Шетелдік инвесторлар өз қаражатын шетелге шығарар алдында капитал
салымының тиімділігінің көрсеткіштеріне сүйенеді. Сол сияқты ұлттық
экономикаға шетелдік инвестицияны қабылдау мәселелері салынатын
қаржының тиімділігі мен капитал алушы елдің мүддесі тұрғысынан
айқындалады.
Инвестицияны жүзеге асыру кезінде байлықа деген сұраныс артады, ал
игілік ұсынысы біраз уақыттан кейін, салынған инвестиция өңдірістің
дамуына ықпал еткен кезден бастап пайда болады.
Аталмыш пайымдауды мультипликатор құралдарының (инструменттері)
көмегімен талдауға болады. Оның көрсеткіші экономиканың қандай да бір
сыртқы әсерлерге сезімталдығының интегралды, сипаттамасы болып
табылады.
Мультипликаторлардың түрлі типтерінің ішіндегі неғұрлым әмбебап, әрі
маңыздысы - инвестиция мультипликаторы, ол әрбір инвестициялық бірлікке
шаққандағы барлық ішкі өнімнің өсу дәрежесін көрсетеді. Осындай
қасиеттеріне байланысты инвестиция мультипликаторы іс жүзінде
экономикалық дамудың жиынтық көрсеткіші болып табылады, ол капитал
салымының ең жоғары өнімділігін айқындайды.
10
Елдегі әлеуметтік экономикалық үдерістердің белгілі бір дәрежеде
инвестицияның
өсуіне
ықпал
ететінін
ескерсек,
инвестиция
мультипликаторы ішкі өндірісті дамытуға байланысты экономиканың
потенциалдық мүмкіндіктерін айқындайтынына көз жеткізуге болады.
Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық және импорттық
операциялармен қоса сырттан капитал келтіру мен сыртқа капитал шығару
операцияларын жүргізу арқылы тепе-теңдікке қол жеткізу мәселелерін
классикалық, неоклассикалық және кейнсиандық концепциялар түрліше
түсіндіреді.
Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық моделі классикалық
концепцияның басты постулаттарына негізделеді. Классикалық мектеп
принциптеріне сәйкес экономика бір-бірінен тәуелсіз екі секторға бөлінеді:
ақша және шынайы экономика секторлары. Шынайы экономикада тауарлар
мен қызметтердің шынайы ағынының қозғалысы жүріп жатады. Ақша
экономикасында олар ақша ағындарына ешқандай әсер етпей тек қана қызмет
көрсететін ақша айналымы жүріп жатады.
Бұл моделде үш нарықтың түрі қарастыралады: еңбек, капитал (құнды
қағаздар) және игіліктер. Осы нарықтарда екі макроэкономикалық
субъектілер өзара ынтымақтастықпен әрекет жасайды: үй шаруашылығы
және кәсіпкерлер.
Классикалық коцепцияда жинақ қоры (сбережения) пайыздық ставканың
функциясы болып табылады. Кірісті тұтыну мен жинақтауға бөлген кезде үй
іші шаруашылықтары жинақ деңгейін негізге алады.
Пайыз ставкасының жоғарылауы жоспарланған жинақ көлемін қайта
қарауға алып келеді. Тепе-теңдікті қамтамасыз ететін пайыздық ставка
орнағанша оны жоғарылау жағына, ал инвестицияларды төмендеу жағына
қарай жылжытады. Капитал нарығында жинақ қоры көлемінің инвестиция
көлемінен асып кеткен жағдайда бос кредиттік ресурстар пайда болады, бұл
пайыз ставкасының тепе-теңдік күй жағдайына дейін төмендеуіне жол
ашады.
Игіліктер нарығында бейбаланстың пайда болуының әсері капитал
нарығында да көрнісін табады. Капитал нарығында тепе-теңдікті қалпына
келтіруге мүмкіндік беретін орнатылған тұрақтандырғыш бар болғандықтан,
капитал нарығындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру игіліктер нарығындағы
тепе-теңдіктің қалпына келуіне алып келеді.
Классикалық
модельдегі
жалпы
экономикалық
тепе-теңдік
шарттарының қалыптасуы өздігінен реттелу принципі бойынша мемлекет
жағынан кірісусіз жүреді. Мұны орнатылған үш тұрақтандырғыш
қамтамасыз етеді - иілімді бағалар, жалақының иілімді номиналды ставкасы
және иілімді пайыз ставкасы. Және де бұл жағдайда ақша және шынайы
сектор бір-біріне тәуелсіз болады.
Баға иілімділігі игіліктерге ғана емес, сонымен бірге өндіріс
факторларына да тән болып табылады. Сондықтан да игіліктердің баға
деңгейінің өзгеруі факторлардың баға деңгейінің сәйкес өзгерісін шақырады.
Осылайша номиналды жалақы өзгереді, ал шынайы жалақы өзгеріссіз
11
қалады. Бұдан шығатыны игіліктер, факторлар бағасы және бағаның ортақ
деңгейі бірдей пропорциямен өлшенеді.
Алайда, экономиканың жалпы тепе-теңдігі еркін (мінсіз) бәсекелестік
жағдайында тиімдірек жүзеге асырылатынын есте ұстау керек. Экономикада
болатын жалпы тепе-теңдік жағдай монополизмнен тәуелсіз, бағаның
сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне сәйкес тез және иілімді өзгеруі,
салааралық бәсекелестік нәтижесінде капитал мен жұмыс күшінің ауысуы
жағдайында сақталады. Әлбетте, бұл жағдайда экономиканың жалпы тепе-
теңдігін бұзбайтын экономикалық саясаттағы және экономиканы мемлекеттік
реттеудегі қателердің, әлеуметтік және табиғи сілкіністер сияқты
құбылыстардың болмауы керек.
Кейінгі зерттеулер былай деп көрсетті: жалпы экономикалық тепе-
теңдікті қамтамасыз ету үшін классикалық тұжырымдамаларды қолдану
тиімді емес, себебі мемлекеттік араласудың болмауы жағдайындағы
жиынтық сұраныстың өсуі бағаның инфляциялық өсуіне алып келеді.
Біздің ойымызша, жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің жоғары
деңгейіне демеу көрсету үшін мемлекеттің белсенді араласуы керек. Бұл
араласу қолда бар фискалдық және монетарлық саясат құралдарын жиынтық
сұранысқа әсер етуге қолданылуы тиіс.
Неоклассиктердің пікірінше, ақша нарығында ақшаға тең баға ұсынатын
тепе-теңдік пайызы орнайды. Бұл жағдайда жинақталған ақша саны
инвестицияланған ақша санына тең болуы керек. Егер де жинақ қорының
көлемі инвестициядан асып кететін болса, пайыз деңгейі төмендейді де, жаңа
тепе-теңдік орнайтын болады.
Жинақтаулар мен инвестициялар теңдігін неоклассиктер ақша нарығы
кепілдендіреді деп есептейді. Тұтынушылар, егер оларға құнттылығы үшін
жоғары пайыздар төленетін болса, жинақтау жүргізеді және де пайыз
ставкасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым жинақ қорының көлемі
де жоғары болады. Аталмыш пайызды жинақталған ақшаны өндірістің
дамуына пайдаланатын инвестор-кәсіпкерлер төлейтін болады.
Егер де жалпы шығындар азаятын болса, нарықтық экономика,
неоклассиктердің пікірінше, өндіріс пен толық жұмыспен қамтудың қажетті
көлемін қамтамасыз ете алады. Егер жинақ қорының көлемі инвестициядан
жоғары болатын болса, өнімге жұмсалатын жалпы шығындардың азаюы оған
деген бағаның төмендеуіне алып келеді.
Өнімге сұраныстың төмендеуі жағдайында бәсекелестер оның бағасын
төмендетеді, бұл жинақ қоры жоқ тұлғаларға тауар сатып алуды ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Сондықтан да жинақ қоры өндіріс пен жұмыспен қамтудың
қысқаруына емес, баға төмендеуіне алып келеді.
Сонымен бірге тауарларға деген сұраныстың төмендеуі ресурстарға
деген сұранысқа, соның ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді
деп пайымдалады. Ал бұл жалақының төмендеуіне алып келетін
болғандықтан, сол - төмен ставка бойынша жұмыс істеуге тілек
білдіргендердің барлығы да жұмыс таба алады, яғни жұмыссыздық
болмайды.
12
Басқаша айтқанда, неоклассиктердің пікірі бойынша нарықтық механизм
(пайыздың иілімді ставкалары, баға мен жалақы икемділігі арқылы)
шығындар мен кірістерді сәйкестендіреді, өндірістің қажетті көлемін толық
жұмыспен қамтуды және макроэкономикадағы тепе-теңдікті демеп тұрады.
Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі классикалық
мектеп постулаттарынан айырмасы бар принциптерден құрылған.
Кейнсиандық моделде жетекші рөлді тиімді сұраныс атқарды. Тиімді
сұраныс
IS–LM
моделі шеңберінде құралады. Моделде барлық нарықтар
өзара байланысты болады, классикалық дихотомия еңсеріледі.
1-суретте макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі
кескіндеме тұрінде берілген, мұнда (
Достарыңызбен бөлісу: |