Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы


Анықтамалар, шартты белгілер



Pdf көрінісі
бет2/36
Дата21.05.2022
өлшемі1,96 Mb.
#144391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
treatise25475

Анықтамалар, шартты белгілер 
және қысқартулар 
ТМД 
- Тәүелсіз мемлекеттер достастығы 
ЕО 
- Европалық одақ 
ХЕБ 
- Халықаралық еңбек бөлісі 
ССА 
- Сыртқы сауда айналымы 
ДСУ 
- Дуниежүзілік сауда ұйымы 
ЖҰӨ 
- Жалпы ұлттық өнім 
ЖІӨ 
- Жалпы ішкі өнім 
ОБ 
- Орталық банк 
ТҰК 
- Трансұлттық корпорация 
КСРО 
- Кеңес социалистік республикалар одағы 
НАТО 
- Солтустік атланттық блок 
АҚШ 
- Америка Құрама Штаттары 
ЕҚ 
- Европа қоғамдастығы 
ХВҚ 
- Халықаралық валюта қоры 
ҰБ 
- Ұлттық банк 
ҒТП 
- Ғылыми-техникалық прогресс 
ТАТМ 
- Трансазиялық теміржол магистралі 
АТА 
- Атлант-Тынық мүхит аймағы 
ҚҰБ 
- Қазақстан ұлттық банкі 
ШТИ 
- Шетел тікелей инвестициялары 
ХИҰ 
- Халықаралық инвестициялық ұстаным 
МЭЕҰ 
(ОПЕК) 
- Мұнай экспорттайтын елдер ұйымы 



КІРІСПЕ 
Дүниежүзілік шаруашылық жаһандану ұрдісі кезінде сыртқы 
экономикалық қызметте экспорттық және импорттық операцияларды жүргізү 
маңызды орынға ие. 
Экспорттық операциялардың көлемі белгілі бір деңгейде ұлттық 
рынокта сатумен сатып алуға қарағанда шетелде тауарлар мен қызмет 
көрсетулерді, валюта мен валюталық құндылықтарды сатудан алынған 
пайдаға байланысты. Салыстырмалы пайда нақты валюта бағамымен 
анықталады. 
Ұлттық валюта шетелдіктен арзан болған сайын сыртқы экономикалық 
келісім-шарттар ауқымын өсіруде тауарлар мен қызмет көрсетулер 
экспортын ұлғайту және валюталық рынокта операциялар жүргізу 
пайдалырақ болып табылады. Бірақ ұлттық валютаның арзандауы сыртқы 
қарызды өтеуге қызмет көрсету бойынша операцияларын қымбат қылады. 
Импорт көлемі жалпы ішкі өнімге, шетелдік тауарлар мен қызмет 
көрсетулерге ішкі сұраныстың өсіуіне, импортталатын тауарларға ішкі және 
әлемдік бағалардың арақатынасына байланысты. 
Егер ел импортының құрамында бәсекеге қабілетті шетелдік тауарлар 
үлесінің артуы байқалатын болса, онда ол отандық тауарлар мен қызмет 
көрсетулердің бәсекелестік ұстанымының әлсіреуін білдіреді. Ұлттық валюта 
бағамының түсуі ұлттық валютадағы импорттық тауарлар мен қызмет 
көрсетулерді қымбаттатады, оларға сұранысты қысқартады. 
Керісінше, ұлттық валюта бағамының өсіуі ұлттық валютадағы 
импорттық тауарларға бағаны төмендетеді және импорттык тауарға ұқсас 
жергілікті тауарларды бәсекеге қабілетті қыла алады. Бұған қоса ұлттық 
валютаның нығаюы сыртқы борыштық міндеттемелерді өтеуге қызмет 
көрсетуді арзандатады. 
Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық және импорттық 
операциялар жүргізуді қамтамасыз етілуде ақша-кредит, салықтық-
бюджеттік және валюталық саясаттың түрлі құралдары қолданылады. 
Көптеген елдер үшін сырттан келетін капиталдың өсуі ішкі 
экономикалық жағдайды дамытудың негізгі көзі болып табылады. 
Өндірісі дамыған елдерде жоғары кіріс көзін қамтамасыз ететін 
инвестициялық қорлар санының артуы ұсыныстардың өсуіне ықпал етеді. 
Бұл елдерде ұлттық өндірісті дамыту үрдісі фирмалар мен компаниялардың 
табысты қызмет етуге ұмтылысы шетелдік капиталға деген сұраныстың 
артуына әсер етіп отыр. 
Ішкі 
капиталға 
қарағанда 
шетелдік 
капиталдың 
бірқатар 
артықшылықтары бар: шетелдік капитал қазіргі заманғы жаңа өндірістік 
технологияларды ендіруге ықпал етеді; халықты жұмыспен қамтамасыз етуге 
және кәсіби мамандар мен жұмысшы күшінің өсуіне әсер етеді; заманға 
лайық басқару дағдыларын қалыптастырады; тауар экспорты мен қызмет 
түрлерін кеңейтеді; шетелдік компаниялармен бәскелес жергілікті 
фирмалардың қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. 



Қазіргі таңда әлемдік шаруашылық шетелден капитал тартудың, 
олардың аймақтық көлемде немесе халықаралық деңгейде ұлттық 
экономикаға қызмет етуінің нақтылы ережелерін қалыптастырды. Шетелдік 
капиталды саналы және сауатты пайдалана білу - бәсекелестік жағдайында 
ұлттық шаруашылықтың табысты қызмет етуінің кепілі болатынын әлемдік 
тәжірибе дәлелдеген. 
Ұлттық экономикаға шетелдік капитал тарту шаралары тікелей 
инвестиция, қарыз, ссуда формалары арқылы жүзеге асырылады. 
Әлемдік капитал ағынының жағымды жақтарымен қатар, жағымсыз 
сипаттары да жетерлік. 
Әлемдік капитал ағыны тұрақсыз болуы мүмкін. Бұрын капитал 
ағынының көп бөлігі капитал алушы елде тұрақтанатын, яғни кәсіпкерлік 
саласында, жеке меншік және инфроқұрлым салаларына тікелей инвестиция 
формасында пайдаға асырылатын. Бүгінде капитал ағыны жеңіл 
қабылданады да, тұрақты және ұзақмерзімді міндеттемелерге айналмайды. 
Капитал ағыны портфелінің кемшіліктерінің бірі - дағдарысқа бейімділігі 
болып табылады. Бұл - дамушы елдерді мерзімсіз капитал ағыны 
либерализациясынан сақтандыру қажет деген сөз. 
Капитал ағынының әсерінен құнсыздану мәселелері де туындауы 
мүмкін. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлар игерілуі қиын жекеменшік 
заттар мен акциялар толқынын әкелуі ықтимал. Олар өз кезегінде сатып алу 
мүмкіндігі жоғары ақша мөлшерінің артуына ықпал етеді. Соның 
нәтижесінде мемлекеттік қаржы органдарында қаржы саласы мен жалпы 
экономиканы реттеу, басқару мәселелеріне байланысты қиындықтар 
туындайды. 
Сонымен қатар, капитал ағыны белгілі бір мерзім аралығында ұлттық 
валюта бағамының ауытқуына ықпал етуі мүмкін. Соның салдарынан баға 
тұрақтылығы бұзылып, сауда-саттық және инвестиция саласында тиімсіз 
шешімдердің қабылдануы ықтимал. Сондықтан көптеген елдер мұндай 
капитал ағынына тосқауыл қоюға тырысады. 
Сол себепті түрлі мемлекеттер өз дамуының әр түрлі сатыларында ішкі 
нарықты сыртқы капитал әсерінен қорғау мақсатында шетелдік инвестиция 
ағынына түрлі әкімшілік шектеулер мен кедергілер қойып отырған. Аталмыш 
шектеулер мен тиымдарды алып тастап, олардың орнына капиталдың кіріс-
шығыс ағынын реттеу жолдарын қарастыру қаржы қорларын тиімді түрде 
қайта бөлуге ықпал етеді. Жаңа ақпараттық технология дамып, қаржы саласы 
жетілдірілген сайын, осындай мүмкіндіктер арта түседі. 
Қазақстанда экспорттық және импорттық операциялар арасындағы 
баланс теріс сальдоға ие, бұл өз кезегінде ағымдағы операциялар шотының 
теріс мәнінің қалыптасуына айрықша әсер етеді. 
Экспорттық және импорттық операциялар арасындағы тепе-теңдіктің 
жоқтығы ағымдағы операциялар шоты бойынша тапшылықты жабатын және 
мемлекеттің халықаралық өтімді қорларының өсімін қамтамасыз ететін 
сыртқы қаржы капиталының ауқымды ағымымен теңгерімді жағдайға 
келтіріледі. 



Нақты сектордың ұзақ мерзімді несиеге қажеттігінің және банктердің 
оларды қанағаттантыру бойынша мүмкіндіктерінің аздығы Қазақстан үшін 
күрделі мәселе болып табылады. Бұл банктер мен корпорациялардың 
шетелдік капиталды ауқымды түрде тартуына алып келді. Бұған әлемдік 
қаржы рыногында дағдарыс алдындағы кезеңде орын тепкен төмен пайыздық 
мөлшерлемелер ықпал етті. 
АҚШ қаржы жүйесінің тарам-тарамдығының күшімен Америкадағы 
ипотекалық дағдарыс қаржы ұйымдары арқылы халықаралық қаржы 
рыноктарынан ауқымды түрде қаражат тартқан елдердің халықаралық есеп 
айырысуларында теңгерімсіздікке алып келген әлемдік өтімділік дағдарысын 
туғызды. 
Қазақстандық банктердің сыртқы көздерден қорландырылуының күрт 
төмендеуі экономиканың нақты секторын несиелендіру үрдісін ұзаққа созды, 
банк несиелік қоржынындағы күдікті және сенімсіз несиелердің үлес салмағы 
60%-дан асты, сыртқы қарызды құрған сыртқы активтер мен міндеттемелер 
арасындағы алшақтықтың теріс мәні елдің жалпы ішкі өнімінің жартысы 
көлеміне жетті. 
Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы тауар және капитал 
айналымындағы операцияларды жүргізудің ерекшеліктерін негіздеу және 
оларды реттеу экономиканы тұрақтандыруға ықпал ететін комплексті 
шаралар мен оларды пайдалану жолдарын ашып көрсету осы оқу қуралының 
негізгі мақсаты болып табылады. Бұл еңбек оқырмандарға жаһандану үрдісі 
аясында сыртқы тауар мен капитал айналымындағы операцияларды 
ырықтандыру тәсілдерімен жақын танысүға мүмкіндік береді. 
Аталған мәселелердің өзектілігі кәзіргі жағдайда сыртқы тауар мен 
капитал айналымының мәнін, тұпкілікті себептерін және даму тетіктерін 
анықтау қажеттілігімен, операцияларды реттеудің қаржы құралдарын 
жетілдірүмен және шетел тәжірибесін қолдану негізінде мемлекетте экспорт, 
импорт және капитал айналымындағы операцияларды жүргізу бағыттарын 
көрсетүмен анықталады. 
Оқү қуралы сыртқы тауар және капитал операцияларын жүргізумен 
айналысатын мемлекеттік және бизнестік құрылымдардың қызметкерлері 
мен мамандарына, сонымен қатар әлемдік экономика мамандығы бойынша 
жоғары оқү орындарының студенттері, магистрантары мен оқытүшыларына 
пайдалы болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет