124
асырылады. Капитал және қаржы қозғалысы шотының оң балансын кеңейту
Үкіметтің, коммерциялық банктердің сыртқы қарыз алулары көлемін
өсірумен және қазақстандық кәсіпорындарды
тікелей инвестициялармен
қаржыландырудың артуымен шарттастырылды.
2.
Халықаралық
капитал
қозғалысы
халықаралық
қаржы
қатынастарында маңызды орын ала отырып, дамушы елдер мен ауыспалы
экономикалы елдердің экономикасының дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Мемлекеттердің ұлттық мүдделерін қорғау үшін елге қаржы қорларын тарту
шараларын оптимизациялау және әлемдік қаржы жүйесіне интеграциялану
шараларын жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар, ұлттық мүдде, қаржы
тұрақтылығы, сыртқы шоктарға ұрыну жағдайларын азайту сияқты
факторларды естен шығармаған жөн.
3.
Сырттан келетін таза капитал ағыны ұлттық валютаның айырбастау
бағамын өсіреді, ал сыртқа кететін капитал оның құнсыздануына ықпал етеді.
4.
Оң айырым балансындағы капитал мен қаржы қозғалысының есеп-
шотын кеңейту Үкімет пен коммерциялық банктермен сыртқы қарыздың
көлемін және қазақстандық кәсіпорындарды тікелей инвестициялармен
қаржыландыруды өсірумен жүзеге асырылды.
5.
Қоржындық инвестициялар - бұл жоғары мобильді жоғары тәуекелді
капитал, оның жылыстауынан кез келген
уақытта экономиканының
тұрақсыздануы мүмкін. Сондықтан тұрақсызданудың жолын алу үшін
капитал қозғалысы мен қаржылық операциялардың есеп шоттарын жүйелік
талдауға үлкен көңіл бөлуді ұсынады.
6.
Қазақстанның төлем теңгерімінің құндылығы «Қателер мен
өткізулер» бабының үлкен салмақты болуы болып табылады. Мұның себебі,
есепке алу кезінде қиындық туғызатын мәмілелердің көптігі. Жеке
тұлғаларды қолма-қол шетел валютасымен операция жасағанда ерекше
бақылауға алуды ұсынады, оны спекулятивтік операцияларды жүргізген
кезде қолдануға және ішкі рыногтің мәмілелеріне жұмсауға жол бермеу.
7.
Қазақстанның ресми алтын-валюта резервтері төлем балансын
теңгермелейтін актив болып отыр, сондықтан
төлемдік дағдарыс болмау
үшін оны адекваттық деңгейде ұстауды жузеге асырып отыру керек.
8.
Капиталдың халықаралық мобильдігінің күрт артуы оны елдің
талаптары мен міндеттемелері арасындағы алшақтықты қысқартуға
бағытталуы тиіс, тиісті валюта саясатын жүргізе отырып реттеуді талап етеді.
Реттеуде, халықаралық қарызды төмендетуге ықпал етуді және сауда
балансының белсенді сальдосын қамтамасыз етуді талап етеді.
9.
Елдің халықаралық ұстанымын валюталық реттеу валюталық
бақылау арқылы және капитал қозғалысын бақылау арқылы реттелуі тиіс.
10.
Халықаралық инвестициялық
ұстанымды және елдің төлем
балансын түзету үшін валюталық курсты өзгертетін рестриктивтік ақша-
кредиттік саясатты және стерильденбеген интервенцияны пайдалану қажет.
Интервенцияны сондай-ақ капитал қозғалысының шектеуін немесе оның
ағымын стерильдеуді пайдалану қажет.
11.
Сыртқы қаржыландырудағы үлесінің басымдылығы оң фактор
125
ретінде қабылданатын тікелей инвестициялау бірқатар мәселелерді алып
келеді. Инвестициялар бойынша шикізат өндірістеріне жоғары ставка (20%)
және осы өндірістерге шетелдік капиталдардың
айрықша салымдары
факторлық табыстар бойынша баланстардың тапшылығын шарттастыра
отырып шетелдік инвесторларға пайдадан есептеулердің айрықша өсуіне
алып келді.
12.
Қазақстанның ДСҰ енуі жаңа технологияларға және кең ауқымды
шетелдік инвестицияларға енуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл экспорт
құрамындағы жоғары қосымша құнды тауар үлестің
артуы бойынша
экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
13.
Қазақстан ДСҰ кірер кезде дайындық деңгейі алдын ала ескерту
индикаторларымен анықталуы керек. Ол бірқатар мәселелерді жеңіп
шыққандығын көрсетеді: ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы заңды
аспектілер, факторлық емес және факторлық қызмет көрсетулер бойынша
теңгерімді жетістіктер және т.б.
14.
Қазақстан Республикасы ДСҰ аралас мәртебеге ие ел ретінде енуді
болжайды. Демек,
жеке алғанда, экономиканың ауыл шаруашылығы, қара
металлургия, энергетика, мұнай-химия сияқты мұндай секторлары және
басқалар қатары ДСҰ мүше-елдері үшін жабық қала береді. Мұндай
мәртебені алу республикаға экономиканың өз
секторларын бақыланбайтын
арзан импорттық өнімнің ағымынан қорғауға және елдің тұтас алғандағы
экономикалық қауіпсіздігіне ықпал етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: