100
-
мультимодальдік және интермодальдік тасымалдарды дамытуға,
мультимодальдік операторлар желісін дамытуға
көмек көрсету;
-
лизингілік компаниялар құру;
-
халықаралық көлік дәліздерін жол бойы сервистерімен,
техникалық
көмек көрсету станцияларымен және т. б. объектілерімен қамтамасыз ету.
5. Қазақстан туризмді дамытуға арналған маңызды әлеуетке ие, және де
болашақта туризм халықаралық қызметтер саласындағы жетекші салалардың
біріне айналуы мүмкін. Бейрезиденттердің елдегі қонақ үйлерде тұруына,
тамақтануына, көңіл көтеруіне, сыйлықтар мен кәдесыйларды сатып алуға
төлеу түрінде туризмнен түсетін түсімдер
ұлттық кірістің маңызды
құрамдасына айналуы мүмкін.
6. Факторлық табыстар бойынша теңгерімсіздікті бастан кешіру
капиталды шетелге активті түрде шығару стратегиясын жүргізуді талап етеді.
Қазақстандық банктер мен компаниялардың әлемдік аренаға қатысуы
шетелдік инвестицияларды және ұлттық жобаларды қаржыландыру үшін
сыртқы салымдардан табыстарды тартуға ықпал ететін болады.
Факторлық
табыстар бойынша теңгерімсіздік айрықша мөлшерде төмендейтін болады.
7. Белсенді сыртқы салымдар мен тартудың мұндай стратегиясы барлық
мемлекеттермен көтермеленеді. Өйткені қаржы жүйесінің бәсекеге
қабілеттігінің, оның тұрақтылығының және сенімділігінің артуы жүзеге
асырылады. Демек, Швейцария банктері, мәселен, шетелге (64%
астам
активтер) көп тартылғанға қарағанда (сыртқы міндеттемелердің 60%),
британдық банктер елден тыс 46% активтер, ал 43% сыртқы міндеттемелер
инвестициялайды. Қазақстандық банктер шетелге тек кредиттің 12% салады,
сыртқы нарықтан өз міндеттемелерінің 40% тартады.
Әлемдік лидерлермен
салыстырғанда
Қазақстан
банктерінің
операцияларының
белсенді
бөліктерінің қатаң ішкі бағдарға алу. Бұл орайда қазақстандық банктер
капиталдарының жеткіліктілігі 12% асады, Швейцария банктерінде тек 4%,
британиялықтарда - 6% кем.
Достарыңызбен бөлісу: