Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу



бет36/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Транзиттік декларация

      1. Тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған кезде тауарларды жөнелткен кеден органына транзиттік декларация табыс етіледі.

      2. Транзиттік декларация ретінде көлік, коммерциялық және өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер бар құжаттар табыс етілуі мүмкін.

      3. Транзиттік декларацияда:

      1) көлік құжаттарына сәйкес тауарларды жөнелтуші, алушы;

      2) тауарды жөнелтуші ел, оларды жеткізу межеленген ел;

      3) декларант;

      4) тасымалдаушы;

      5) тауарлар тасымалданатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралы;

      6) коммерциялық құжаттарға, көлік құжаттарына сәйкес тауарлардың атауы, мөлшері, құны;

      7) Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың алғашқы алты белгіден кем емес деңгейдегі коды;

      8) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының немесе Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесінің әрбір коды бойынша тауарлардың брутто салмағы немесе көлемі, сондай-ақ қосымша өлшем бірліктеріндегі мөлшері;

      9) жүк орындарының саны;

      10) көлік құжаттарына сәйкес тауарларды жеткізу межеленген пункт;

      11) егер мұндай өткізу осы құжаттар болған кезде жол берілсе, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;

      12) жолда тауарларды жоспарланған қайта тиеу немесе жүк операциялары туралы мәліметтер болуға тиіс.

      Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген транзиттік декларация ретінде қабылданатын құжаттарда осы тармақта көрсетілген барлық мәліметтер болмаса, жетіспейтін мәліметтер кеден органына табыс етілетін, мұндай транзиттік декларацияға қоса берілетін не онымен бірге жүретін құжаттарда болуға тиіс.

      4. Кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, декларанттан басқа да мәліметтерді талап етуге құқылы емес.

      5. Транзиттік декларацияны кеден органы тіркейді, оның ішінде кеден органдары қолданатын ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып тіркейді.

      Транзиттік декларацияны беру және тіркеу тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет