1. Тауарларды кедендік декларациялаған кезде мәлімделген кедендік рәсімдерге және тауарларды өткізетін тұлғаларға қарай кедендік декларацияның мына түрлері қолданылады:
Кедендік декларацияны толтыру нысандары мен тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.
2. Кедендік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер тізбесі кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мен алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын қолдану үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.
Жолаушыларға арналған кедендік декларацияда және көлік құралына арналған декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер Комиссияның шешімімен белгіленеді.
4. Кедендік декларация ретінде көлік, коммерциялық және тауарларды кедендік рәсімге сәйкес шығару үшін қажетті мәліметтер бар өзге де құжаттар осы Кодексте немесе Комиссияның шешімінде айқындалатын жағдайларда және тәртіппен пайдаланылуы мүмкін.
5. Кедендік декларация осы Кодекске сәйкес электронды құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.
Кедендік декларацияны электронды құжат түрінде ұсыну және қолдану тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.
6. Комиссияның шешімінде көзделген жағдайларда, егер Кеден одағының кеден кодексінде, Комиссияның шешімінде не Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны жазбаша нысанда беру кеден органына табыс етілген электронды көшірмесімен бірге жүруі тиіс.
Кедендік декларацияның электронды көшірмесінің құрылымы және форматы, сондай-ақ оны табыс ету және пайдалану тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.