Байланысты: ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес кедендік декларациялау кезінде табыс етілетін қосымша құжаттар
Тауарларды мәлімделген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 281-бабында көрсетілген құжаттарға қосымша:
1) кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі кезінде – осы Кодекстің 344-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжат;
2) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі кезінде – қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжат;
3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімі кезінде – тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат;
4) кері импорттың кедендік рәсімі кезінде – тауарларды әкету кезінде қабылданған кедендік декларация және тауарларды әкету кезінде оларды кедендік шекара арқылы өткізген күнді растайтын құжаттар;
5) ішкі тұтыну үшін бұрын кедендік шығару рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кері экспорттың кедендік рәсімі кезінде – мыналар:
тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу жағдайы (сыртқы экономикалық мәмілені жасағанын растайтын құжаттарды негізге ала отырып);
сыртқы экономикалық мәміленің шарттарын орындамау;
осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;
осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғаннан кейін пайдалану туралы мәліметтер бар құжаттар;
6) жою кедендік рәсімі кезінде – қоршаған ортаны қорғау саласындағы органның тауарларды жою мүмкіндігі туралы қорытындысы;
7) еркін кедендік аймақ және еркін қойма кедендік рәсімдері кезінде – Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес құжаттар табыс етіледі.