Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару



бет52/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару

      1. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық операторларға қатысты арнайы оңайлатуды қолдану кезінде тауарларды шығару декларант:

      1) тауарларды жөнелтуші және алушы, тауарларды жөнелтуші және жеткізілу межеленген ел туралы мәліметтер, тауардың атауы, сипаттамасы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кемінде алғашқы төрт белгі деңгейіндегі сыныптау коды, тауарлардың саны, брутто салмағы және құны бар коммерциялық немесе өзге де құжаттарды;

      2) оның кедендік декларацияны бергені және тауарларды шығару айынан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тауарларды пайдалану мақсаты және тауарлар орналастырылатын кедендік рәсім туралы мәліметтер қамтылған қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс еткені туралы жазбаша нысандағы міндеттемені;

      3) тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар мен мәліметтерді табыс еткен жағдайда кедендік декларацияны берген кезге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.

      Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      2. Тауарлар кедендік декларация берілгенге дейін шығарған кезде осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет:

      1) декларантта мұндай шығару кезінен бастап туындайды;

      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағының 1) – 7), 9) және

      10) тармақшаларында белгіленген жағдайларда және кедендік декларацияға тауарларды шығару туралы белгілер енгізу (қою) кезінде тоқтатылады.

      3) мыналар:

      мерзім өткенге дейін орындалуға жатады. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және валютаның нарықтық бағамы қолданылады;

      кедендік декларацияны бергенге дейін шығарылған тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияда тауарларды шығару туралы белгі енгізбеген (қоймаған) жағдайда – мерзімнің соңғы күні орындалуға жатады. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, мерзімнің соңғы күні қолданыстағы кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және нарықтық валюта бағамы қолданылады.

      3. Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін валюта және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық көмекті қоспағанда, оларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.

      4. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып әрекет ететін тауарларды кедендік декларация бергенге дейін шығару, төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы уәкілетті экономикалық оператор берген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасынан аспаған жағдайда қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет