Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу



бет51/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Тауарларды шығару мерзімі

      1. Тауарларды шығаруды кеден органы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс.

      Тізбесін Комиссия анықтайтын кедендік әкету баждары қолданылмайтын, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды және уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығаруды кеден органы тауарларға декларацияны тіркеген кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей, ал тауарларға декларация тіркелген жағдайда кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аспайтын уақыт қалғанда – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей аяқтауы тиіс.

      Көрсетілген мерзімдер кедендік бақылауды жүргізу уақытын қамтиды.

      2. Осы Кодекстің 291-бабына сәйкес тауарларды алдын ала декларациялауды қолдану кезінде кеден органы тауарларды шығаруды кедендік декларацияны тіркеген кеден органына тауарларды көрсеткен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс.

      3.Тауарларды шығару осы Кодекстің 440 және 441-баптарына сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкін.

      4. Тауарларды шығару мерзімдері кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен асыруға болмайды.

      5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жекелеген кедендік рәсімдерге қатысты, сондай-ақ кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін қолдануға және тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған кедендік бақылау нысандарына қарай тауарлар шығарудың осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімдерден ұзақтығы қысқа мерзімдер белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет