Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Тауарларды толық емес кедендік декларациялау



бет47/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Тауарларды толық емес кедендік декларациялау

      1. Егер де декларантта оған байланысы жоқ себептер бойынша кедендік декларацияны толтыруға қажетті барлық ақпарат толық болмаған жағдайда, декларанттың толық емес кедендік декларацияны беруі жолымен тауарларды шығару, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу және төлеу үшін қажетті мәліметтерді мәлімдеу шартымен тауарларды толық емес кедендік декларациялауға жол беріледі.

      Көрсетілген мәліметтер тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растауға, сондай-ақ кеден органдарына тауарлардың сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша оларды сәйкестендіруге мүмкіндік беруге тиіс.

      2. Тауарларды толық емес кедендік декларациялау, егер әкелінетін тауарларды өткізу:

      1) ашық көлік құралдарында – тауарлардың дәл салмағын кеден органының кедендік декларацияны тіркеу күніне мәлімдеу мүмкін болмаған;

      2) арнайы контейнерлер мен көлік құралдарында – тауарлармен технологиялық операциялар жүргізбей тауарлардың дәл санын мәлімдеу мүмкін болмаған кезде жүзеге асырылған жағдайда қолданылуы мүмкін.

      3. Декларант толық емес кедендік декларацияны табыс еткен кезде, егер бастапқыда толық және тиісінше толтырылған кедендік декларация берілген жағдайда қолданылатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу және төлеу тәртібін қоса алғанда, осы Кодексте көзделген шарттар мен талаптар қолданылады.

      4. Тауарларды толық емес кедендік декларациялауды қолдану кезінде декларант кеден органы толық емес кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде олар түзеткен және нақтылаған мәліметтерді ескере отырып, толық кедендік декларацияны табыс етуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет