Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Кедендік декларацияны кері қайтарып алу



бет45/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Кедендік декларацияны кері қайтарып алу

      1. Декларант жазбаша өтініші бойынша шетел тауарларына тіркелген кедендік декларацияны кеден органы тауарларды шығару туралы шешім қабылдағанға дейін оларды кері қайтарып алуы мүмкін.

      Кедендік декларацияны кері қайтарып алу кезінде жаңа кедендік декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі шегінде берілуі тиіс.

      Кедендік декларация осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде берілмеген кезде тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.

      2. Декларанттың жазбаша өтініш бойынша Кеден одағының тауарларына кедендік декларация тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан нақты шыққанға дейін, оның ішінде тауарларды шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін кері қайтарып алынуы мүмкін.

      Кеден одағының тауарларына кедендік декларацияны кері қайтарып алу үшін кері қайтарып алу туралы өтініште тауардың тұрған жері көрсетілуі тиіс.

      3. Егер декларанттың өтінішін алғанға дейін кеден органы декларантты кедендік декларацияда мәлімделген тауарларды кедендік тексеріп қарауды жүргізу орны мен уақыты туралы хабардар етпесе және Кеден одағының кеден заңнамасын әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын бұзуды анықтамаса, кедендік декларацияны кері қайтарып алуға кеден органының жазбаша рұқсатымен жол беріледі.

      Кедендік декларация тауарды кедендік тексеріп қараудан кейін, егер мұндай тексеріп қарау барысында әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын Кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған болса, кері қайтарып алынуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет