Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу



бет42/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Декларанттың жауаптылығы

      Декларант, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік декларацияда көрсетілген анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және қолдан жасалған құжаттарды табыс еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      Декларант мынадай жағдайларда:

      1) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;

      2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;

      3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа тартылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет