Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалімнің сөз сөйлеу әдебі



бет43/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#173782
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   226
Байланысты:
Òàóáàåâà ø. Ò., Èìàíáàåâà ñ. Ò., Áåðèêõàíîâà à. Å
2 денгей жауаптары ағылшын, Акт бөж, Тератогенез
Мұғалімнің сөз сөйлеу әдебі дегеніміз кез келген жағдайларда сөздік, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің жиынтығы. Әр маман үшін тіл мәдениетін дұрыс меңгеру оның абыройының ар-туының, кез келген ортада өзіне деген сенім мен құрметке бөленуінің негізі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалармен реттелгендіктен бойында дұрыс қалыптастырылған тіл мәдениеті оның тәрбиелілігі, жалпы мәдениеттілігі, тұлғалық сапаларының өлшеміне айналады. Қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетістіктерге қол жеткізеді, жұмысында да беделі мен абыройы жоғарылап, қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленетіні сөзсіз.
Тіл мәдениеті отбасынан басталып, кейіннен мектептің оқу-тәрбиелік үдерістерінде, жоғары оқу орындарында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде дамып қалыптасады.
Педагог мамандар үшін ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасы мен тіл тазалығын сақтай отырып, жеткізе білулері олардың коммуникативтік құзыретіліктерінің көрсеткіші болып табылады. Сөз сөйлеу әдебін қалыптастыру үшін әр педагог өздігінен білім алып, қосымша тренингтер, семинарларға қатысып, анықтама-лық, лингвистикалық сөздіктермен жұмыс істеп үйренулері тиіс.
Осы салада арнайы зерттеу жүргізген мамандардың пайымдауынша, педагогтардың сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мынадай негізгі көрсеткіштер әсер етеді:
1)сөйлеген сөздің дұрыстығы - әдеби тілдік нормалардың сақ-талуы (лексикалық, морфологиялық, стилистикалық, синтаксистік). Сөйлеу барысында сөздің дұрыс айтылмауы оқушының назарын бөліп оның мазмұнын толық қабылдауға кедергі болады.
2)сөздің анықтылығы. Сөздің анық айтылуы оқушылардың қызығушылығын оятып, зейінін күшейтіп, сөйлесу үдерісінің нәтижесін тиімді етеді. Сөздің анықтылығы мұғалімнің ойлау қабілетімен, өз ойына деген сенімділігімен, тілдік стильдерді меңгергендігімен анықталады.
3)сөздің нақтылығы педагогтың айтып тұрған нәрсесін терең білуімен, логикалық ойлау қабілетінің толық пайдаланылуымен, өз ойын нақты жеткізе алуымен, сөздерді орынды қолдана алуымен ерекшеленеді. Мысалы, емтихандағы оқушы өзінің нашар жауабын «білемін, бірақ соны айта алмаймын» десе, ол оның білімінің жүйесіздігін, үстіртін екендігін, шалалығын көрсетеді. Сол сияқты мұғалімнің айтатын нәрсесі нақты болу үшін ол сол нәрсенің мән-мағынасын ең алдымен өзі жақсы түсініп алуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет