Педагогикалық технологиялардың жіктемелері қандай өлшемдерге негізделген?
Макротехнологиялар мен микротехнологиялардың негізгі айырмашы-лықтары неде?
Педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметтері қандай?
Педагогикалық үдерістегі коллаборативті оқу ортасының оқушы тұлғасына ықпалы қандай?
ГЛОССАРИЙ
Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалып-тастырудың жүйелі үдерісі
Тәрбие жүйесі – тәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үдерісіндеқолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы.
Тәрбиежұмысы – бұлжекетұлғаныңнеғұрлымтолықдамуынабағытталғанересектерменбалалардыңтіршілікәрекетінұйымдастыруғабағытталғанмақсаттыіс-әрекет.
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілібірқұбылыстың, шындықтыңзаңдылықтарыменбайланыстарыжайлыжан-жақты, толықмағлұматберетін тұжырым.
Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы.
Әдіс тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы тұрғысынан қарастырылады.
Заңдылық – қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер мен құқықтың орындалуына саналы түрде жету.
Тәрбиенің әдіснамасы- тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс-тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс–әрекеті, қарым-қатынасы, мінез – құлқында көрініс табуы.
Тұлға – ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асыру дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігер тетігі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы.Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.
Ерлік тәрбиесі – қазақ халқының жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиет-терімен бірге, ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.