Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


«Инклюзивті оқыту» пәнін оқытудың мақсаттары



Pdf көрінісі
бет136/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

«Инклюзивті оқыту» пәнін оқытудың мақсаттары. 
- мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектеп-терінде 
білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына 
отырып, қол ұшын созу. 


154 
- жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру ар-қылы 
әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік 
беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптас-тыру және дамыту. 
- балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық 
адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың 
ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру; 
- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, меке-мелерде 
жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. 
Инклюзивті білім берудін мазмұны.
Инклюзивті білім беру 
жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі 
бағдарлама бойынша: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдар-
ламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес 
арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шек-теулі 
балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін 
оқытудың жеке бағдарламасы негізінде іске асыруды қажет етеді.
Саламан Декларациясына
сәйкес инклюзивті білім беру саяса-тының 
міндеттері мынадай болып ерекшеленеді: әрбір бала білім алуға құқылы 
және оны алуға тиіс; әрбір баланың дара қабілеттері, қызығу-шылықтары, 
қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады; білім беру жүйесіне 
оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағат-тандыру мақсатына орай 
өзгертуге болады. 
Инклюзивті білім берудің 8 ұстанымын меңгеруге қол жеткізуі: 
1. 
адами құндылық оның қабілеті мен жеткен жетістіктеріне 
байланысты емес; 
2. әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті; 
3. әрбір адамның қарым-қатынас жасауға, тыңдалуға құқығы бар; 
4. барлық адамдар бірін- бірі қажет етеді;
5. шынайы білім беру нақты контекстегі қарым-қатынас жағдайында 
ғана жүзеге асуы мүмкін; 
6.барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж; 
7. барлық білім алушылардың прогреске қол жеткізуі үшін біреу 
жасай алмайтын нәрсені жасауы болар; 
8. адам өмірінің барлық жағын алуан түрлілік күшейте түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет