Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет192/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

1) оқытудың ғылымилығы
. Оқытудың басты мақсаты – білім беру. 
Оқушылар пәндер арқылы ғылымның негіздерін үйренеді;
2) оқытудың тәрбиелілігі.
Оқу үдерісінде оқушылардың білім 
алуымен қатар, олардың дүниеге көзқарасы, адамгершілігі қалып-тасып, 
ақыл–ойы дамиды;
3) оқытудың көрнекілігі
. Көрнекілік – білудің, танудың, ұғынудың 
басты құралы; 
4) оқудағы саналылық мен белсенділік
– оқушылардың оқуға 
ықыласпен, шығармашылықпен қарауы, оқу материалын өмірде қолдана 
білуі;
5) оқытудағы жүйелілік пен сабақтастық. 
Оқу материалы 
оқушылардың жас ерешеліктеріне, дүниетаным қабілеттеріне лайықты бір–
бірімен сабақтас, бірте – бірте күрделендіру принципімен құры-лады. Бұл 
принциптер оқу бағдарламасын жасау жүйесін, оқушы-лардың тиісті іс–
әрекеттерін айқындайды;
6) оқытудың түсініктілігі
. Оқу материалы оқушылардың қабілетіне, 
ұғынуына лайықты болуы тиіс;
7) оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі 
– оқу 
үдерісінде оқушылардың алған білімін одан әрі дамытып, же-тілдіруі;
8) жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым–қаты-нас. 
Жеке адамдардыңөздеріне тән ерекшеліктері оқушылармен дер-бес қарым

қатынас жүргізуді талап етеді. 
Дидактикалық принциптер оқу–тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін 
көрсетеді, оқытуда табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. 
7.4. Дидактиканың негізгі категориялары.Категориялар 
– (грекше
kategoria – түйіп айту). Философияда – шындық көріністері мен танымның 
маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін, 
мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар олар адам ой-лайының жалпы 
заңдылықтарын білдіреді.
Оқыту 
– тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәти-жесінде 
белгілі білімдер, іскерліктер, дағдылар тәжірибені және өз мінез-құлқын, 
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді 
өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, 
оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, 
түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет