Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім беру-үдеріс және іс-әрекет ретінде



Pdf көрінісі
бет9/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)
2 дәріс Атомдық физика, дәріс тезисі, экологияға құқылымыз, Т апсырмалар 1а. Кестені ай жолы графиктен д рыс, Абай және Шығыс әдебиеті, Қазақ тілінен Диктант жинағы (10-сынып), Sadyrova MS tests
Білім беру-үдеріс және іс-әрекет ретінде.
Білім берудің мәні- 
мақсаттан нәтижеге қарай жылжу
үдерісі
. Үдеріс деген сөздің өзі латын тілінен 
аударғанда (
processus-қозғалу, жылжу
) - бір нәрсенің дамуындағы 
құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп өзгеруі; қандай болмасын нәтижеге 
қол жеткізудегі іс-қимылдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Білім беру – педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас 
үдерісі
. Бұл 
үдеріс барысында оқушы немесе студент оқу, тәрбие, даму 
үдерістерін
е 
белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады. 
Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың, 
студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Аталып отырған 
педагогикалық 
үдеріс
көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелік 
мәтіндер, 
көрнекілік 
құралдар, 
компьютерлер, аудио-видеоқұралдар, 
қашықтықтан оқыту аппараттары т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған 
(жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі. 
 
Білім беру 
үдерісі
үнемі мақсатқа және күтілетін нәтижелерге 
бағытталған. Осы тұрғыдан білім беру 
үдерісін
технологияландырылған 


10 
үдеріс деп те сипаттауға болады, себебі педагогикалық технологияларда 
өзара сабақтасқан мақсаттарға жетудің нақты қадамдары, кезеңдері
сатылары анықталады. Білім беру 
үдерісі
-мұғалімнен 
балаға оқу 
ақпараттарын жеткізу арнасы. Сондықтан да қазіргі кезде білім беру 
саласында ақпараттық технологиялар да өте кең таралуда.
Білім 
беру 
үдерісіндегі 
көптеген 
мәселелер 
шешімдерінің 
табыстылығы педагогтың іс-әрекетіне тікелей тәуелді. Тіпті әрбір сабақтың 
өтілуі де мұғалімнің кәсіби-шығармашылық деңгейіне, талпынысына, 
әдістемелік шеберлігіне байланысты түрлі нәтиже көрсетеді. Ол балалармен 
үнемі ынтымақтастықта әрекет жасайды. Осы бірлескен белсенді танымдық 
іс-әрекет
барысында білім алушыларды табысқа жетуге бейімдей алу 
педагогикалық маңызы зор мәселе, себебі көп жағдайларда сабаққа қатысып 
отырған қаншама оқушылар арасында кейбіреулері ғана жетістіктерге қол 
жеткізулері мүмкін.
Білім беруді 
үдеріс
және 
іс-әрекет
ретінде жекеше қарастырудың 
себебі оның көздеген мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің арасындағы 
қадамдардың қаншалықты белсенді, қаншалықты қозғаушы күш екендігімен 
байланысты анықталмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет