113
Педагогиканың әдіснамалық дәстүрлер
генезисін талдау, оның бүкіл
кезеңде де екі бағыт бойынша дамып отырғанын көрсетеді, олар кейде біріне
бірі қарама-қайшы болып та келген:
философиялық-педагогикалық
(М.А.
Данилов және т.б.) педагогикалық шынайылық-тың философиялық
рефлексия түріне бағытталуы (тұжырымдамалық кеңістік пен уақыт, оқыту,
тәрбиелеу және дамыту динамикасы; педа-гогиканың пәндік емес аймағында
жатқан бұл үдерістердің
интегралды негіздерін іздеу; әдіснамалық мәселені
адамзат тұрмысының тұтас мазмұнында қарастыру және т.б.) және
іс-
әрекеттік-педагогикалық
(В.В. Краевский) педагогика нысандарының мәндік
құрамы
мен ғы-лыми-танымдық, тәжірибелік және педагогикалық іс-әрекет
байланыс-тарын ашу.
Әдіснамалық талдаудың аталған түрлерін педагогикаға біріктіру үрдісі
Н.Д. Никандров, В.С. Шубинский және басқа да
авторлардың еңбегінде
сипатталды, олар зерттеу нысанының онтологиясын жүйелі-лік тұғырмен
және іс-әрекет теориясымен синтездеу жолымен алуға талпынды.
Дәл осы
әдіснамалық мақсат ХХ асырдың 90-жылдары педагогика үшін өзекті болып
табылды.
Үшінші кезеңде (ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басы)
педагогика ғылымы мен тәжірибесін дамыту үдерісін
талдауда ғалым-дар
әдіснамалық сипаттағы мәселелерге қайта көңіл бөле бастады. Бұл бірнеше
себептерге байланысты:
-
«жаңа педагогика», «тәуекел педагогикасы» және «жазалаусыз
педагогика» қалыптасуының әдіснамалық негіздерін
табу және мәнін ашу
қажеттілігі;
-
ғылыми ізденісте қолданылып жүрген ғылымда пайда болған жаңа
тұғырлар, ұстанымдар мен әдістердің эвристикалық
әлеуетін нақ-тылауға
талпыну және ХХ ғасырдың соңында педагогикалық тәжі-рибеде пайда
болған білім беру инновациясы барысында
педагогика-лық шындықтың
қайта құрылу жолдарын түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: