Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


«Функционалдық сауаттылық»



Pdf көрінісі
бет208/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

 «Функционалдық сауаттылық»
ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары 
ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен қол-данысқа 
енді.Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұл-ғаны 
қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде 
функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және 
экономикалық әрекеттерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім 
алуына ықпал ететін базалық фактор. Қорыта айт-қанда, функционалдық 
сауаттылық дегеніміз – адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа 
түсе алу қабілеті және сол ортаға мүмкін-дігінше жылдам бейімделе білуі 
мен әрекеттесе алу деңгейінің көр-сеткіші. 
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының 
функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсатта-рының 
бірі ретінде айқындалып отыр. 
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында 
білім 
алушылардың 
функционалдық 
сауаттылығы 
бағалана-ды. 
Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсыр-малары 


270 
алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды. 
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында 
функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу 
сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; ғы-лыми-
жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, геогра-фия). 
2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттес-таттау 
және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп 
бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында 
«Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды. 
Оқу сауаттылығы
– білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу 
және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына же-ту үшін 
пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен 
мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл 
түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлек-сия мен ұғым, оқылғанды 
өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет