51
Педагогикалық
үдерісіндебелсенді
қарым-қатынас
барысында
оқушылардың өзара ақпраттармен алмасуларымен
қатар олардың өза-ра
ынтымақтастық
әрекеттеріне
бейімделулері
маңызды.
Сондықтан
мұғалімдер оқытудыңбелсенді әдіс-тәсілдер жүйесін жақсы меңгеруі қажет.
Перцептивтік қарым-қатынас -
басқа адамның ішкі жан дүниесін
сезіне алу (perceptio
- қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі).
Перцепция – сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен
танудың, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі
тұлғаның
ішкі жан дүниесін түсіну күрделі үдеріс. Бұл қа-білет көбінесе
психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда жақсы дамы-ған.
Адамның өзін
басқаның орнына қоя алып, оны сөзсіз түсіне алуы,
сезінуі
эмпатия
деп
аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынаста эмпатия
арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен
педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия – мұғалімнің
өз шәкіртінің ішкі жан
дүниесін сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады.
Педагогтың эмпатиялығы оқушылар-мен
тығыз қарым-қатынастағы
кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиім-ді жол тауып шығуына көп септігін
тигізеді.
Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін
оқушылар-дың
психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін жақсы меңгеру қажет.
Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да
мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады.
Бұл жағдайда педагогикалық
үдерісінің екіжақтылық сипаты айқын бай-қалады.
Достарыңызбен бөлісу: