Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тұлға - тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және



Pdf көрінісі
бет134/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

4.2.
Тұлға - тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және 
субъектісі.
Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының 
обьектісі ғана емес, сонымен қатар субьектісі екенін ескеру керек. Сана мен 
іс
-
әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психо
-
логияның ең 
маңызды заңдылығы болып табылады. Субъектінің әре
-
кеті 
– 
жеке тұлға 
дамуының факторы.
Белсенділік адамның табиғи
қасиеттерінің бірі болып табылады. 
Психологияда белсенділікті іс
-
әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның 
белсенділігі оның қажеттіліктерінен (материалдық, рухани, қоғамдық) туады. 
Сыртқы орта мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторына 
жатады. Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен 
күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер 


139 
жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактормен тығыз 
байланысты.
 
Оқушының белсенділігі іс
-
әрекеттің алуан түрінде көрінеді. Өмірдегі 
қарым
-
қатынас, таным, өзін
-
өзі жетілдіру, айналаны өзгерту және түрлі 
белсенділіктері дамиды. Қарым
-
қатынас бала белсенділі
-
гінің ең алғашқы 
белгісі. Ол түрлі қатынасқа түсу арқылы өзінің ең маңызды жақтарын
дамытады. Бала өскен сайын оның танымдық белсенділігі тереңдей түседі. 
“Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?” 
– 
де
-
ген сұрақтарға жауап іздей 
бастайды. Мектептегі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен 
тереңдеуіне мүмкіндік жасай
-
ды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын өз 
бетінше білімді игеруге, оларды
практикалық
әрекетте пайдалану қабілетіне
ие болады. Адам
-
ның әлеуметтік белсенділігі өзін қоршаған ортаға ықпал 
етеді, бол
-
мысты өзгертуге, қайта құруға бағытталады. 
 
Тұлғаның дамуын зерттеу
философия, педагогика, психология, 
әлеуметтану, медицина, мәдениеттану, этика, физиология т.б. ғылымдары 
кіріктіре жүргізеді. Адамның дамуы
және оның тұлға ретінде қалып
-
тасуы 
биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік
тұрғыдан қарасты
-
рылады:
-
биологиялық
бағыт

адам табиғаттың бір бөлшегі, оның іс
-
әрекеттері мен мінез
-
құлқы көбінесе табиғи қажеттіліктерге негіз
-
деледі;
-
әлеуметтік
бағыт

адам биологиялық тіршілік иесі ретінде әлеуметтік 
топтардың қарым
-
қатынас ықпалынан әлеуметтенеді, қоғам
-
дық ортаға 
бейімделеді; 
 
-
биоәлеуметтік бағыт
-
жүре пайда болатын қасиеттерге негізделеді. 
Жеке тұлғаның белсенділігінің бағыттары оқушының әр
-
алуан іс
-
әрекеттерінде көрініс табады. Олар: білім алу 

танымдық, еңбек, қоғамдық 
пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық
-
сауық
-
тыру әрекеттері. 
Жеке тұлғаның мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге
мүмкіндік туғызатын қызмет 

әрекетті ұйымдастырудың әдіс
-
тәсілдерімен 
қаруландыру 
– 
баланың дамуын қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы. 
Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет