Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқу - тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы.«Педа-гогикалық



Pdf көрінісі
бет188/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

5.5.
Оқу - тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы.«Педа-гогикалық 
технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерек-шеліктері.
«Педагогикалық технология» ұғымы 1960 жылдардан бас
-
тап «толық 
меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткен
-
дей нәтиже алуға 
бағытталған АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде практикаға ене бастаған 
меңгеру технологияларына байланысты пайда болды. Педагогикалық 
технологияның белгілі авторлары Дж.Кэролл, Б.Блум, Д.Бруннер, 
Д.Хамблин, Г.Гейс, В.Коскарелли. Ресей ғалымдарының арасынан
педагогикалық технология теориясы мен тәжірибесін өз еңбектерінде 
қолданған ғалымдар: В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Ф.А.Мустаева, 
Л.Е.Никитина, И.П.Подласый, Г.К.Селевко. П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, 
А.Г.Ривин, Л.Н.Ланд, Ю.К.Бабанский, П.М.Эрдниев, И.П.Раченко, 
Л.Я.Зорина, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, т.б. 
 
Тәрбие
технологиясытұлғаның рухани құндылықтарын қалып
-
тастыруға негізделген оқу 

тәрбие үдерісінің
жетістігін қамтамасыз ететін 
іс
-
әрекет. Әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ
,
тәрбие технолгиясы 
тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру, бейімдеу, сыңи тұрғыда ойлау, өзара 
қарым
-
қатынаста
әдеп негіздерін сақтау іс әре
-
кеттерін қамтиды. 
Педагогикалық технологияны 
– 
педагогикалық мақсатты шешу
-
ге 
арналған немесе
алдын ала жобаланған жоспарлы және бірізді педа
-
гогикалық үдерісті жүзеге асыратын бірімен
-
бірі тығыз байланысты 
педагогтың әрекет жүйесі деп түсінуге болады. 
Педагогикалық технология 
– 
ғылыми жобаланған және педаго
-
гикалық үдерістің жетістігін қамтамасыз ететін іс
-
әрекет. Педагоги
-
калық
үдеріс белгілі принциптер жүйесіне бағынатындықтан, педаго
-
гикалық 
технология ішкі және сыртқы әрекет бірлігі ретінде қарас
-
тырылып, сол 
принциптерді шынайы өзара байланыста жүзеге асыра
-
тын педагог 
тұлғасынан көрінеді. Педагогикалық технологияның
оқы
-
ту және тәрбие 
технологиясынан ерекшелігі осында. «Әдіс» түсінігі кешенді әдістерді,
оқыту және тәрбиелеу тәсілдерін, оны іске асыра
-
тын адамнан тыс 
қарастыратын болса, онда 
педагогикалық технология

педагог тұлғасының
алуан түрлі әрекетіне тәуелді. Осыдан барып, кез келген педагогикалық 
мақсат тиімді шешілуі үшін
білікті педагог тех
-
нологияға сәйкес,
алуан түрлі 
әрекеттер жүйесін таңдап қолданады.


226 
Педагогикалық технология оқыту
және
тәрбие технологиясы тү
-
рінде
қарастырылады. В.В.Пикан педагогикалық технологияның ма
-
ңызды
белгілерін бөліп көрсетеді.

технология нақты педагогикалық ойды іске асыру үшін ав
-
тордың
әдіснамалық, философиялық ұстанымын айқындайды. Осыдан барып, білім 
беру үдерісінің
технологиясы немесе
жеке
тұлғаны дамыту технологиясы 
екені анықталады;

педагогикалық әрекеттің технологиялық тізбегі, операция
-
лары, 
коммуникациялары қойылған мақсатқа сай жүйеленіп, алынатын нәтиже 
формасын белгілейді;

технология
мұғалім мен оқушының өзара байланысты
әреке
-
тін 
келісім
-
шарт негізінде
саралау және
даралау, адамдық және тех
-
никалық 
мүмкіндіктерді ескеріп, диалогтық қатынастарды оңтайлы шешу 
принциптеріне негізделеді;

педагогикалық технология элементі біріншіден, кез келген мұ
-
ғалім
қайталай алатындай болуы тиіс, ал екіншіден жоспарланған
нә
-
тижеге 
(мемлекеттік стандарт) барлық оқушыны жеткізуі тиіс;

педагогикалық технология мен диагностикалық процедуралар
(өлшемдер, көрсеткіштер, әрекет нәтижесін өлшейтін инструмента
-
рилер)
органикалық байланыста болуы тиіс

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара 
байланыста болуы керек. Педагогикалық технологияны жетік меңгеру 
дегеніміз шеберлікті білдіреді. Педагогикалық шеберлік, бір жағынан 
алғанда жоғары деңгейде педагогикалық технологияны меңгеру, ол тек 
операциялық компонентті
меңгерумен шектелмейді. Педагогтар арасында 
орын алған пікірдің бірі 

педагогикалық шеберлік тек жеке адамға ғана тән, 
оны бір қолдан екінші қолға беру мүмкін
емес деп санайды. Дегенмен де
педагогикалық технология мен шеберліктің ара қатынасын ескерсек, 
педагогикалық технологияны меңгеру, педагог
-
тың жеке сапалық қасиетіне 
байланысты. Кез келген
технологияны меңгерген педагогтардың біліктілігі 
мен шеберлігі әр түрлі болады.
Педагогикалық мақсатты шешуіне қарай педагогикалық техно
-
логия 
жалпы және жеке технологиялар
болып
бөлінеді. Жалпы тех
-
нологияға 
оқыту технологиясын құрастырып, оны іске асыру жатады. Жеке 
технологияға оқу немесе тәрбие мақсатының мынадай түрлерін шешу 
жатады: оқушылар әрекетіне түрткі тудыру, алынған нәтижені бақылау және 
бағалау, нақты мақсатты, мысалы, тәрбие жағдатын
талдап, оны шешу 
жолдарын анықтау.
Сонымен, біртұтас педагогикалық үдерісті
жобалап, оны жүзе
-
ге 
асыруда оның барлық компоненттерінің бірлігін сақтау қажет, егер оның 
біреуі өзгеріске ұшыраса, онда басқа компоненттер де өзгеруге мәжбүр 
болады. Педагогикалық технологияның «әдістен»
айырмашы
-
лығы 
тәрбиеленушілер әрекетінің мазмұнын және оны
ұйымдастыру тәсілдерін 


227 
жобалауында. 
Педагогикалық
технология 
қойылған 
мақ
-
саттың 
диагностикасын және жеке тұлғаны тұтастай дамытатын педа
-
гогикалық 
үдерісті
обьективті 
бақылауын қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет