Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет219/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Мазмұндық блок:
пәндік ғылыми білім, әрекет тәсілдері; 
шығармашылық әрекеттегі тәжірибе; құндылық қатынастардағы тәжрибе.
2. 
Үдерістік блок:
қосымша
білім кешені; әрекет тәсілдері; үдерсті 
ұйымдастыру түрлері.
Егер
, білім мазмұнын
білім мекемесіне берілетін әлеуметтік тап
-
сырыстың педагогикалық түсіндірмесі десек, 
оқу пәні
– 
білім мазмұ
-
нының 
бөлігі ретінде, ол да әлеуметтік тапсырысқа жатады, сонымен қатар білім 
алушының жалпы танымдық әрекет заңдылықтары мен оқыту жағдаяттарына 
сәйкес оқыту барысында білім мазмұнын жүзеге асырады. Оқу пәні 
– 
игеруіне тиісті білім мазмұны мен оны білім алушылар игеретін тәсілдерді, 
олардың тәрбиесі мен дамуын жүзеге асыратын негізгі құрал. Яғни, оқу
пәні 
– 
білім мазмұнын беруге арналған арнайы педагогикалық үйлесім, бұл 
жағынан ол біртұтас, соған қарамастан екі бөлімнен тұрады: мазмұндық 
және үдерістік.
Білім мазмұнының төрт компоненттік құрамы оқу пәндерінің белгілі 
бір топтарын құрайды. Оқу пәндеріндегі жетекші компонент
-
тер: ғылыми 
білімдер жиынтығы, әрекеттің белгілі бір тәсілдері, шығармашылық әрекет 
тәжірибесі, құндылықтар, қатынас тәжірибесі, әлемнің бейнелік көрінісі.
«Кіріктірілген пән» деген ұғым жай қосу емес, оқу материалын
-
дағы 
әрекеттің
кірігуі, оның мәні мен өзара байланысы және жинақты
-
лығына 
қарағанда әлдеқайда тереңде жатыр.
Оқу пәнін құрастыру
мәселелеріне байланысты туындайтын 
заңдылықтар анықталды:
-
кез келген оқу пәні көрсетілген типтердің біреуіне жатады және ол 
өзінің
дидактикалық моделіне сәйкес құрастырылуы тиіс;
-
оқу пәнінің әр
типінің өзіне сәйкес мазмұнын жеткізу,оны игеруді 
ұйымдастырудың өзіндік жүйесі бар.
Егер пәнінің жетекші қызметі оқушыларды нақты ғылым негі
-
зін, 
оның маңызды ұғымдары мен заңдары жүйесін таныстыру болса, онда оқу 
материалының құрылымы мен жүйесі ғылыми ұғымдардың даму 
заңдылықтарын білім алушы санасына сәйкестендіріп жасалуы тиіс. Ал, 
пәннің жетекші қызметі белгілі бір әрекет тәсілдерін қалып
-
тастыру болса 
(білік және дағды), онда пәннің мазмұндық, логикалық желісі практикалық 
әрекетті
игеру ерекшілігіне сәйкестенуі тиіс: оқу пәндерінің типтері бір
-


265 
бірінен қызметі мен мазмұндық жетекші компо
-
ненттері бойынша 
ажыратылатын болғандықтан, сол компонентті жет
-
кізу барысында 
пайдаланылатын оқыту әдістері де сол пәннің типі үшін жетекші ұстанымда 
болуы тиіс;
оқу пәнінің мазмұны оның же
-
текші компонентінің ерекшелігіне 
байланысты жүзеге асыру тәсілде
-
ріне сәйкес болып табылады; оқу пәнінің 
әртүрлі типтерінің ерекше
-
ліктері оқыту әдістерін тануда шектеулік сипатта 
болады, сондықтан оқыту тәсілдерін іріктеуде пәннің жетекшілік қызметін 
ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет