290
басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру.
Тақы-рыптық жоспарлау.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының "белгілі бір бөлімінде, оқу
-
тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы
тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі
сабақтар, сонымен қатар оқушы
-
лармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс
жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы
мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп,
үйренуі ке
-
ректігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де
тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият
дайын
-
далуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі
са
-
бақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау
қажет. Тек осындай алдын ала
жүргізілетін
жұмыстың нәтижесінде
тақырыптың
жоспардағы
"пайда
болған"
сабағын
көруге
болады.Тақырыптық жос
-
парлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда
ұсынған педагог М.И. Махмутов болды.
Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау.
Сабақ жоспары
–
бұл
шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы,
дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі.
Сабақтыңмақсаты
-
бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте
материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының
сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушы
-
лардың түсініктермен
жұмыс барысында белсенділігін оятатын мате
-
риалды іріктейді, қорытынды
сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт
-
бағдар береді, сабақ
құрылымын айқындайды. Сабақ жоспарын
-
да сабақ тақырыбы мен сабақ
өткізілетін сынып, сабақтың дидакти
-
калық міндеттері, нақтыланған
мақсаты, материалдың қысқаша маз
-
мұны көрініс табады, оқушылардың
танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары
анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер
өзектендіріледі, жа
-
ңа
білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың
түрлі жағдай
-
лары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу
әрекетін
ба
-
қылау
және түзету, білмеуден білуге карай жылжуда қажет
танымдық және практикалық
іскерлікті сабақ үстіндегі оқу
-
танымдық және
прак
-
тикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының
келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады:
-
оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру;
-
оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету,
ғылыми
және көркем әдебиет оқыту, жаңа материалды меңгертуге ықпал
ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: