10.5. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым- дастырудың дара түрі. Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу
мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орың
-
дайды
дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми
әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау,
шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даяр
-
лау болуы мүмкін. Дара
жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолда
-
нылады.
Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің
дара және
дараланған екі жолы ерекшеленеді. Алғашқысы
-
жалпы
сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай
отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі
-
оқушылардың оқу
-
танымдық
әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып та
-
былады. Ол әрбір
оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлы
-
ғына, оқу мүмкіндіктеріне
сәйкес мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы. Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:
-
сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау
үшін
топтарға бөлінеді;
-
әр
топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе
мұғілімнің басқаруымен шешеді.
-
топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін да
-
ра
бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүм
-
кіндіктері
ескеріледі.
Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүм
-
кіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3
-6
адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың
мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топ
-
тың
жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек.
Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәнде
-
рінде
түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері
бірін
-
бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын
құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі,
оқушылардың бір
-
бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта
бірін
-
бірі ұнатпайтындар болмау керек.
Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс
-
әрекет, оларды
мұғалімнің басқару ерекшеліктері
нақтыланады
.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық
сабақтар», конференция
-
сабақ, пікірталас
-
сабақ, брифинг
-
сабақ, семи
-
нар
-
сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ,
ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б