Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Еркін  тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі  бойынша эссе жазуды болжайды Эссенің  еркін тақырыбын



Pdf көрінісі
бет239/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Еркін 
тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі 
бойынша эссе жазуды болжайды Эссенің 
еркін тақырыбын 
таңдаған 


284 
жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына, сондай
-
ақ, өзінің 
өмірлік тәжірибесіне (жеке әсерлеріне, өзіндік ойларына, білі
-
міне және т.б.) 
сүйенуімен дәйектеуге болады. 
Тақырыптардың біріне 
пікір-эссе
жазған кезде білім алушы көр
-
кем 
туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибесіне де (се
-
зімі мен 
тақырыпқа қатысты ойларына және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі 
мүмкін. Мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйек
-
сөз түрінде 
тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды не
-
гіздейді, ол пікірдің 
әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай
-
ақ, бас
-
қа
көзқарастың болу 
мүмкіндігін дәлелдейтін қарама
-
қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.
Оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша көлемі 250
-
300 сөзден 
тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана ала
-
ды. Эссенің 
композициясын мұқият ойластыру қажет.
Эссені анық жә
-
не түсінікті етіп, 
сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет. 
Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анық
-
талады:

эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде 
беріледі;

ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер 
жазылады.
Дәйектер 
– 
қоғамдық өмірден
алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік 
жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалым
-
дардың 
пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келті
-
ріледі, себебі бір 
дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және 
көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығар
-
маны «ауырлатуы» 
мүмкін.
Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны 
тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты 
болады): кіріспе; тезис, дәйектер; қорытынды.
Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған 
проблемаға
назар аударуы қажет (кіріспеде
мәселе қойылады, қоры
-
тындыда 
автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, 
көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса ма
-
ңызды. Сонымен 
қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздер
-
ді қысқартудан аулақ 
болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы 
тиіс. 
Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуы
-
мен 
ерекшеленеді. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба 
жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытынды
-
лауды міндетті 
түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне 
енгізілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет