322
Технология сөзi (
techne-
өнер, шығармашылық, logos-iлiм
) грек тiлiнен
аударылғанда:
а) өндiрiс үдерісінде
шикiзат, материал немесе жартылай фабрикаттың
формасын, қасиеттерiн, жағдайын өңдеу, дайындау, өзгерту әдiстерiнiң
жиынтығын, мысалы
металлдарды өңдеу техноло
-
гиясы, химиялық
технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;
ә) өндiрiстiң сәйкес келетiн құралдарымен шикiзат, материал немесе
жартылай фабрикатқа әсер ететiн тәсiлдер туралы ғылым деген мағынаны
бiлдiредi.
Ғылым
мен техниканың дамуына қарай педагогика саласында
технологиялық оқыту тәсілі
жақсы өріс ала бастады. Қазіргі ақпарат
-
тық
технологиялар заманында бiлiм берудi технологияландыруға кө
-
шудiң
қажеттiлiгiмен келiспеу мүмкiн емес, себебi әр оқушының жеке тұлғасының
дамуы, бiлiм берудi саралау және барлық бiлiм беру жүйесiн iзгiлендiру және
демократияландыру үрдістері техноло
-
гиялық тәсіл арқылы жүзеге
асырылмақ.
Сондықтан педагогикалық үдерісті
технологияландыру мәселесі
бiлiм
берушi
мен
бiлiм алушы
тұлғасын өздiгiнен дамытып, олардың ішкі
әлеуеттерін барынша толығырақ ашқызу үшін оқыту мен тәр
-
биелеудi
субъектiлiк негiзге ауыстыратын тетік ретінде зерттелуде. Білім беру
саласындағы шоғырланып қалған көкейкесті мәселелердің шешімдерін
табуда педагогикалық технологиялардың ықпалы зор, себебі жаңа
технологиялардың негізгі өзегі
–
оқушы тұлғасы, оның ішкі
интеллектуалдық әлеуетін жан
-
жақты дамыту.
Көптеген
зерттеушiлер жаңа педагогикалық технологияларға терең
қызығушылық танытып, бiлiм берудегi технологиялық тәсiлдi дәстүрлi
оқыту әдістерінен анағұрлым тиiмдірек деп есептейдi. Технология ұғымына
Б.Т. Лихачев, В.П. Беспалько, В.В. Сериков, В.М. Монахов, М.В. Кларин,
И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.В.Гузеев, Н.Д.Хмель, Ғ.М.Құсайынов,
Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова, М.М.Жампеисова т.б. ғалымдар мен
зерттеушiлер жан
-
жақты түсiнiктемелер бере отырып, олардың практикалық
тиімділігі туралы құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтқан.
Педагогика ғылымында «технология» ұғымының зерттелу аясы
кеңейіп, әр тұрғыдан анықталуы, оның түрлерiнiң, тұжырымдамалық
негiздерi мен сипаттамаларының көптiгi бұл феноменнiң мазмұнын жан
-
жақты теориялық тұрғыдан талдауға баса назар аударуды қажет етедi.
Педагогикалық лексикадағы
Достарыңызбен бөлісу: