333
бірдей көрінетіндей, оқылатындай және суреттермен бейнеленіп тұрғаны
дұрыс. Балалар өз пікірлерінің бағалы екенін сезініп, өз күштеріне деген
сенімдері арта түседі. Топтық жұмыс ережелерін балалардың өздеріне
құрастырту
мұғалім үшін өте ұтымды қадам, себебі олар өздері
ұсынған
ережеге қарсы шыға алмайды.
Қазіргі
кезде топтық жұмыстарды жүргізуде топтық бағалау
формалары да көп қолданылады. Сондықтан ережелердің өзін сабақ
үстіндегі
объективті өзара бағалауға, жауап беру тәртібіне, уақытты ұтымды
пайдалануға, сөйлеу әдебіне, тыңдау мәдениетіне қатысты бекітіп алуға
болады. Бағалауға қатысты оқушылармен бірлесе отырып бағалау
критерийлерін анықтап алу бағалау тиімділігін арттырады.
Дәл осылай сыныптағы оқушылардың топтарға бөлінуін, топта
әрқайсысына
жеке рөлдердің бөлініп берілуін алдын
-
ала ойластырып алған
жөн. Топтық жұмыста әр оқушыға рөлдерді таратып беру әдіс
-
темесі жақсы
нәтижелер көрсетуде. Мысалы, сыныпта 30 оқушы бол
-
са, оларды 6 адамнан
5 топқа бөлу қажет дейік. Топтарға бөлудің өзі сан
-
алуан түрлері белгілі. Ең
қарапайым әдісі ретінде балаларға
1-
ден 5
-
ке дейін санату. 1
-
ші нөмірдегілер
-
бірінші топқа,... 5
-
ші нөмірдегілер
-
бесінші топқа топтасады. Енді әр топ
орналасқан партаға
(
спикер, репортер, комментатор оптимист, скептик,
координатор, т.б.
) рөлдері жазылған карточкалар қойылады. Әр топ
мүшелері рөлдерді кездейсоқ суырып алып отырып, сол рөл бойынша қызмет
атқарады. Бұл рөлдердің әр балаға ауысып келіп отыруы оларды әр қырынан
танытуға бағытталып әзірленген. Мұғалім өз шығармашылығына,
оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін дамыту қажеттілігне
байланысты басқа да рөлдерді ұсына алады.
Осылайша рөлдерді үлестіру арқылы әр оқушының оқу белсенділігін
арттыру, үнемі
жауапқа дайын болып отыру, оларды әр тақырып мазмұнын
талқылау ағымында ұстап отыруға болды. Топтық жұмыстың маңызды
ерекшелігі
–
топтағы әр адамның жеке қасиеттерін, көшбасшылық
қабілеттерін аша білу мүмкіндігі. Осы рөлдерге байланысты тапсырмаларды
да түрлендіріп отыруға болады. Мысалы тақырыпты топтық талқылағаннан
кейін әр топтан «опти
-
мисттері» мен «скептиктерін» шығарып
Достарыңызбен бөлісу: