169
әлеуметтік
тәжірибе
мен мінез
-
құлық нормаларына қатысты білім, білік,
дағдыларды
беру, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қа
-
лыптастыру,
баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру бо
-
лып табылады.
Тәрбие
-
біртұтас үдеріс
.
Тұлғаның кісілік қасиеттерін қалып
-
тастыру
бірыңғай жағдайда, бір уақытта іске
асырылады. Тұлға жеке адам ретінде
тәрбиеленеді.
Тәрбие
-
ұзақ, әрі күрделі үдеріс
.
Адам туып, есею барысында
тәрбиенің ықпалында болады. Онан кейінгі уақытта өзін
-
өзі тәрбиелеу
үдерісімен
жетіледі. Тәрбие мақсатының нәтижесіне дереу қол жеткі
-
зуге
болмайды. Мектепте әр оқу сатысындағы оқушылардың тәрбиелік деңгейіне
талаптар қойылып, соған қол жеткізу көзделеді. Тәрбиеге іштей және
сырттай ықпал жасалады.
Тәрбие
-
көпжақты үдеріс
.
Мектеп оқушыларын тұлға етіп тәр
-
биелеу, дамыту,қалыптастыру, оларды қоғамдық
өмірге даярлау бар
-
лық
қоғам
азаматтарының міндеті. Қоғамның тәрбиелік әрекетін бі
-
рыңғай
бағытта ұйымдастырып, оқушының тұлғалық қасиетін қалып
-
тастыруды
жүзеге асыратын мектептегі ұстаздар ұжымы мен отбасы.
Тәрбие көп факторлы, екі жақты және белсенді үдеріс. Тәрбие жеке
тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тұқым қуалаушы
-
лық, орта
және тәрбие жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуының не
-
гізгі обьективті
факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұ
-
қым
қуалаушылық
пен адамға тән қасиеттер: іс
-
әрекеттің кез
-
келген түріне бейімділігі жатады.
Адамның биологиялық жетілуі
мен өзгеру үдерісі оның мінез
-
құлқына әсер
етеді.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына сөйлеу, ойлау секілді
адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін қоғам мен орта қажет. Адамның
мейілінше дамуына әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе, қазіргі уақыттағы
экономиканың өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық
және демографиялық үдерістер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмірінің
ұзақтығындағы өзгерістер т.с.с. жатады.
Тәрбие
-
жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі. Ол білім беру
орындарында жүргізіледі. Мектепте педагогикалық үдерісті сауатты
ұйымдастырумен бірге, оқушылардың жан
-
жақты қызмет әрекетін тиімді
ұйымдастыру, жеке тұлға дамуының шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: