166
3) зияттық дамуды, яғни дерексіз ойлауды, рефлексия, өзінің жеке
ұстанымын
анықтай алуды, өзін
-
өзі бағалауды, сын тұрғысынан ойлауды
талап етеді;
4) көпқырлылығы
–
түрлі ақыл
-
ой үдерісін, зиятты біліктілікті, ақыл
-
ойды қажет етеді.
Отандық педагогикада «құзыреттілік» ұғымы көбіне кәсіби дайындық,
кәсіби шеберлік пен мамандықты меңгеру деңгейі ретінде қарастырылып
келеді.
Негізгі құзыреттіліктер жалпы орта білім беру саласында қалып
-
тасып, қандай да бір мамандықтың іргетасын құрайтын құрауыш
-
тардан
тұратын базалық құзыреттіліктердің негізіне дайындайды. Э.Ф. Зеердің
пайымдауынша, базалық құзыреттіліктерге жататындар:
-
жалпығылыми ұғымдар
–
табиғат, қоғам және адамның іс
-
әрекетінің
негізгі заңдары;
-
экономика мен мінез
-
құлықты ұйымдастырудың негізін құрай
-
тын
әлеуметтік
-
экономикалық;
-
азаматтық
-
құқықтық;
-
ақпараттық
-
коммуникациялық;
-
политехникалық
–
техника мен технологияның, жаратылыс
-
ғылыми,
автоматтандырылған өндірістік қызмет ету ұстанымы, бақы
-
лау және
басқару жүйелері;
-
жалпы кәсіби мамандықтар тобына қатысты.
Еліміздегі әлеуметтік
-
экономикалық жағдайды, білім мазмұнын
дамытудың бүгінгі жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан Республи
-
касындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында қабылданып отырған
негізгі құзыреттіліктерді мәселенің шешімін табу (өзіндік менеджмент),
ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді қа
-
лыптастырып
дамыту көзделіп отыр. Олай болса, аталған құзырет
-
тіліктерді оқушылар
бойында қалыптастыруды болашақ маман жоғары оқу орны қабырғасында
меңгеріп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: