Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым-



Pdf көрінісі
бет243/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

10.5. 
Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым-
дастырудың дара түрі.
Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу 
мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орың
-
дайды 
дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми 
әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, 
шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даяр
-
лау болуы мүмкін. Дара 
жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолда
-
нылады.
Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің
 
дара 
және
 
дараланған
екі жолы ерекшеленеді. Алғашқысы 

жалпы 
сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай 
отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі 

оқушылардың оқу
-
танымдық 
әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып та
-
былады. Ол әрбір 
оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлы
-
ғына, оқу мүмкіндіктеріне 
сәйкес мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы. 
Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:
-
сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау 
үшін
топтарға бөлінеді;
-
әр
топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе 
мұғілімнің басқаруымен шешеді.
-
топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін да
-
ра 
бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүм
-
кіндіктері 
ескеріледі.
Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүм
-
кіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3
-6 
адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың 
мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топ
-
тың 
жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек.
Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәнде
-
рінде 
түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері 
бірін 

бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын 
құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, 
оқушылардың бір
-
бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта 
бірін
-
бірі ұнатпайтындар болмау керек.
Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс
-
әрекет, оларды 
мұғалімнің басқару ерекшеліктері
нақтыланады
.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық 
сабақтар», конференция
-
сабақ, пікірталас
-
сабақ, брифинг
-
сабақ, семи
-
нар
-
сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, 
ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет