Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


ІІІ бөлім. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ



бет163/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

ІІІ бөлім. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ


1 тақырып. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ (ТПҮ) МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ


1.1. «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары.Оқыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте қа-растыру идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді. Біртұтас педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік ғалымдар-дың XIX-XX ғасырларда арнайы зерттеулерінің нәтижесінде қалып-тасты. Ал «педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді. «Педагогикалық үдеріс – өзінің та-биғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». Ол педагогикалық үдеріс пен тәрбиені үйлесім-дікте, яғни педагогикалық үдерісті тұлғаның жан-жақты жетілу үдерісі ретінде қарастырды. П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсін-діріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті
Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбие-нің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников). Біршама кейін педагогикалық үрдерістің құрамдас бөлігі оқыту үдерісі заңдылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті. ХХ ғасырдың соңғы жыл-дарында біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғалымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
М.А. Данилов «Педагогикалық үдеріс – көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні тәрбие арқылы адамның әлеу-меттік құнды тәжірбиесі қалыптасушы адамның сапасына айналатындығы» деген анықтама береді. Педа-гогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педа-гогикалық үдерістің барлық құрауыштары бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық үдерістің тұтас-тығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігі-мен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің барысымен сипатталады
«Педагогикалық үдеріс» ұғымының даму динамикасын қарас-тыралық.Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокиннің «Педаго-гика» оқулығында педагогикалық үдеріс қандай да біртұтас қасиетте-рімен сипатталады: тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту үдерістерін өза-ра органикалық бірлікте қарастырады, оның құрамына кіретін барлық үдерістерді өзара бірлікте қарайды: оқыту мен тәрбие әдістерінің бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі – тұлғаның бәсе-кеге қабілетті, инновациялық ойлауының дамуына бағытталған тұжы-рымдаманы мектептегі педагогикалық үдерісте жүзеге асыру; педаго-гикалық және оқушылар ұжымын тұтас жалпы мектептік ұжымға бі-ріктіреді, тұтас мектеп ұжымы оқушының нәтижеге бағытталып да-муында субъект рөлін атқарады, педагогикалық үдеріске оның тұтас-тығын қамтамасыз ететін заңдылықтары мен ұстанымдары тән», -делінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет