Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды Эссенің еркін тақырыбын



бет272/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018, 17 группа, 1-4. ежелгы, прррр3, МОРФ.ОТВЕТЫ, есеп
Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды Эссенің еркін тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына, сондай-ақ, өзінің өмірлік тәжірибесіне (жеке әсерлеріне, өзіндік ойларына, білі-міне және т.б.) сүйенуімен дәйектеуге болады.
Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде білім алушы көр-кем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибесіне де (се-зімі мен тақырыпқа қатысты ойларына және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін. Мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйек-сөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды не-гіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, бас-қа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.
Оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша көлемі 250-300 сөзден тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана ала-ды. Эссенің композициясын мұқият ойластыру қажет. Эссені анық жә-не түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.
Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анық-талады:
- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;
- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады.
Дәйектер – қоғамдық өмірден алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалым-дардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келті-ріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығар-маны «ауырлатуы» мүмкін.
Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады): кіріспе; тезис, дәйектер; қорытынды.
Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қоры-тындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса ма-ңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздер-ді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.
Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуы-мен ерекшеленеді. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытынды-лауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет