Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау. Сабақ жоспары – бұл шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі.
Сабақтыңмақсаты - бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушы-лардың түсініктермен жұмыс барысында белсенділігін оятатын мате-риалды іріктейді, қорытынды сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт-бағдар береді, сабақ құрылымын айқындайды. Сабақ жоспарын-да сабақ тақырыбы мен сабақ өткізілетін сынып, сабақтың дидакти-калық міндеттері, нақтыланған мақсаты, материалдың қысқаша маз-мұны көрініс табады, оқушылардың танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер өзектендіріледі, жа-ңа білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың түрлі жағдай-лары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу әрекетін ба-қылау және түзету, білмеуден білуге карай жылжуда қажет танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу-танымдық және прак-тикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады:
оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру;
оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, ғылыми және көркем әдебиет оқыту, жаңа материалды меңгертуге ықпал ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу.