10.4.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру-дың топтық, дербес, фронтальды формалары.Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың жаппай түрі деп - мұғалім мен мен оқу-шылардың сыныптағы әрекетін, яғни оқушылардың бірдей тапсырма-ны барлығы бірге талдап, бірдей орындауы және қорытындыларын са-лыстыруын айтамыз. Мұғалім жұмысын бір уақытта барлық сыныппен жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру, көрсету, айту кезінде, оқушыларды осы тақырыпты қызықты етіп тал-қылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасында, оқушылар мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас-тар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды ұжымшылдыққа тәрбие-лейді, оқушылар талдау мен пікір таластыру барысында сыныптастары-ның және өз қателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің бел-сенді болуына көмек береді.Оқытуды ұйымдастырудың жаппай фор-масы әртүрлі сұрақтарды көтеру, ақпараттық және түсіндірмелі шығар-ма, репродуктивті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмалар-ды әр оқушының дара мүмкіншіліктеріне қарай бөліп, оқушы мен мұ-ғалім арасында сыйластық қатынас орнатып, сыныпты біріктіре оты-рып табысқа жетуге баулу керек.