Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Сабақтың типологиясы және құрылымы



бет274/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

10.2. Сабақтың типологиясы және құрылымы. Сабақ типтері туралы көптеген ғылыми жұмыстар арнайы жазылған. Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше тәсілдері де бар. Мысалы, сабақтар былайша жіктеледі: дидактикалық мақсатына қарай (И.Т. Огородников, И.Н. Казанцев), сабақты ұйымдастыру мақсатына, мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үдерісінің негізгі кезендеріне қарай (С.В. Иванов), сабақ үстінде шешілетін дидактикалық міндеттеріне қарай (Н.М. Яковлев, A.M. Сохор), оқыту әдістеріне қарай (И.Н. Борисов), оқушылардың оқу әрекетін ұйымдас-тыру тәсілдеріне қарай (Ф.М. Кирюшкин).
М.И. Махмутов ұсынған сабақ құрылымысабақты ұйымдасты-ру, жалпы дидактикалық мақсатына және оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейіне қарай бө-лінеді. Осы тәсілге сәйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип - жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы; 2- тип - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жетілдіру сабақтары, қабілеті мен дағдыларын қолдану сабақтары; 3-тип - білімді қорыту және жүйелеу сабақтары; 4-тип - аралас сабақтар; 5-тип - білімді, іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойын-дамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады.
Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасы-на қазіргі заманғы сабақтың теориясы мен практикасының негізгі түсі-ніктері жатады. Себебі, ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділігі мен оның нәтижелілігін анықтайды. Сабақтың қандай элементтері және бө-ліктері құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ та бүгінгі таңда педагогика ғылымында бұған бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбірі сабақ практикада жиі кездесетін элементтерді бөліп көрсетеді. 1) жаңа материалды меңгеру, 2) өткенді бекіту, 3) оқушылардың бі-лімін тексеру мен бағалау, 4) үй тапсырмасы, 5) білімдерді қорыту мен жүйелеу. Басқалары - сабақтың мақсаты оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқу әрекетін ұйымдастыру әдістері деп қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет