Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері



бет137/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері. Тестілеу – бұл жеке тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданыла-тын стандартты әдіс. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кә-сіби психологтар мен педагогтар жасайды. Педагогикалық тестілеу – мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьпютердің көмегі-мен тестілеудің нәтижесі шығарылды. Үлгерім тестісі, қарапайым бі-ліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданы-лады. Қазіргі уақытта психометриялық тесттердің ішінен жобалау тестері кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға не-гізделген. Бұл тесттер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін бе-руді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет