Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі



бет279/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

10.6.Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен түрады: сабақ жүйесін та-қырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақты-лап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру. Тақы-рыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының "белгілі бір бөлімінде, оқу-тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі сабақтар, сонымен қатар оқушы-лармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, үйренуі ке-ректігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият дайын-далуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі са-бақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау қажет. Тек осындай алдын ала жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде тақырыптың жоспардағы "пайда болған" сабағын көруге болады.Тақырыптық жос-парлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда ұсынған педагог М.И. Махмутов болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет