Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет288/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

11.4. Оқыту әдістерінің, құралдары мен тәсілдерінің өзара байланысы. Оқытумақсаты, оқыту тәсілдері және оның нәти-жесі. Оқу міндеттері мен оқыту тәсілдерінің өзгешеліктері. Оқу үдерісінде қаралатын маңызды мәселелер – оқытудың мақсаты, оған тән белгілер, оқытудағы оның орны мен рөлі. Дидактикада оқыту мақ-саты түрлі қырынан қарастырылған. М.А.Даниловтың пікірі бойынша, «оқу үдерісіндегі арнайы қайшылық оқытудың барысымен сипатта-лады, оқушылар алдына оқу үдерісінің логикасына сай, үнемі түрлі жағдайға қарай жаңа міндеттер қойылып отырады, олар оқушыларға түсінікті, оны олар қабылдайды және ақыл-ой күшін қолданып шеше алады»,- деп атап көрсетеді.
Дидактикалық еңбектерде оқушылардыдамытуға байланысты жалпы айтылған пікірлер болмаса, оқушыларды дамыту оқу міндет-терінде іске асырылмайды. Оқу міндеттерінің оқушының білім мен дағдыны меңгеруін іске асыруы күмән тудырмайды. Бірақта, зерттеулер көрсеткендей, оқыту мен дамыту мәселесі, балалардың дамуын қамтамасыз ететін материалдарда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарда, оқыту тәсілдерінде және міндеттерінде ескерілуі керек.
Ең маңыздысы, оқу міндеттерін, оқыту тәсілдері мен оған қол жеткізетін нәтижесі арасындағы обьективті байланыстарды зерттеу қажет. Мұндай зерттеусіз оқыту үдерісінің заңдылықтарын ашып, жетістікке жету мүмкін болмайды.
Оқу міндеттері ажыратылмаған, олар шын мәнінде алуан түр-лі, міндет пен оқыту тәсілдері арасындағы байланыстарды ескермеу, оқу үдерісінің теориясы мен практикасының дамуына кедергі кел-тіреді.


11.5. Оқытудың интербелсенді әдістері: пікірсайыс, тренинг, диалог, дебат, пікірталас, т.б. Оқыту әдістерін таңдау мәселе-лері. Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқа-руындағы әдістемелік және технологиялық құзыреттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет