Қазақстандықпатриотизм–Қазақстандымекендейтінбарлықұлтпенұлыстардың, халықтардыңҚазақстанмемлекетіәлемдікбиіктенкөрінуүшінбілім, мәдениет, экономика, әлеуметтіктұрғыдадамуынажағдайжасайотырып, еліміздегібейбітшілік, бірлікпентәуелсіздіктісақтауүшінбарлықкүшжігерінжұмсауға даярлығы.
Әлеуметтік құндылық – ұрпақтан-ұрпаққа жинақталған тәжірбиелер, өмір шындығы. Мұндай құндылықтар білім, мұрат, адамдар арасындағы қарым- қатынас және мінез- құлық нормалары, адамдардың өмірлік іс - әрекеті.
Педагогикалық қолдау-баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды.
Құндылық – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер сияқты адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.
Білім – бұрыңғы белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдардың жиынтығы.
Ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам.
Ғылым – қызметі табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам әрекетінің саласы.